KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да мектеп оқушылары жергілікті этностардың тарихын зерттеп жүр

21.09.2018, 03:08 120


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасы өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйытқы болуымен облыстық «Алтын қазына» этножобалар конкурсы мәреге жетті. Оған өңір мектептерінің 5-11 сынып аралығындағы 170-ге таяу оқушы қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мектеп оқушыларын өңірімізде тұратын халықтардың тарихын, мәдениетін, салттары мен рухани құндылықтарын зерттеуге баулып, этнографиялық зерттеулерді жүргізу әдісімен таныстырып, оларға азаматтық-патриоттық тәрбие беруді көздейтін байқау облысымызда мамыр айының соңында бастау алған болатын.


Байқау барлығы бес кезеңнен тұрды. Алғашқы аудандық, қалалық іріктеу кезеңінен өткен оқушылар екінші кезеңде «Алтын қазына» жазғы этнографиялық мектебіне қатысып, этнографиялық зерттеу методологиясымен терең танысқан болатын. Үшінші кезеңде оқушылар белгіленген бағыт бойынша экспедицияларға шығып, мәліметтер жинаса, төртінші кезеңде этнографиялық мағлұматтарды өңдеп, талдаумен, этножобаларды дайындаумен айналысқан. Ал бесінші кезеңде оқушылар тарихшы-этнографтар, фольклористер мен тілтанушы ғалымдардан құралған әділқазылар алдында ғылыми жобаларын қорғап, зерттеудің нәтижесін жария етті.


- Біз «Тарихы табиғатына сай Тарбағатай» атты тақырыпта жоба қорғадық. Бұл зерттеуімізде біз әлі кітап бетіне түспеген, зерттелмеген Қабанбайдың ұлы Әлі батыр туралы айтамыз. Мақсатымыз Әлі батырды кейінгі жастарға танытқымыз келеді. Әлі батыр Қабанбайдың сүткенжесі. Ол 14 жасынан бастап шайқасқа қатысып, елімізді жаудан қорғаған. Өкінішке қарай, ол туралы ешқандай деректер жоқ. Тек жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» кітабында ғана аз-маз жазылады. Біз оның 1727-1797 жылдары өмір сүргенін анықтадық, - дейді Аягөз ауданындағы Д.Бабатайұлы атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Смайылова.


Сондай-ақ, осынау шара аясында ұлттық фольклор мен халық музыкасының «Дала үні» фестивалі де өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив