KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
448.89 477.93 4.76

Шығысқа Өзбекстаннан жедел жәрдем көліктері келмек

19.09.2018, 08:44 156


Өзбекстанда шығарылған «Isuzu» маркалы көлігі облыстағы жедел жәрдем бекеттеріне әкелінуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық әкімдікте өткен жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Семейде жәдел жәрдем көліктері жетіспейтіндігі айтты. Мұны естіген аймақ басшысы Даниал Ахметов қосымша көлік сатып алудың жолын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, Өзбекстанда шығарылған көліктердің жақсы екендігін ескертті.


– Өзбекстан Жапониямен бірлесіп, «Isuzu» атты тамаша көлік шығарып жатыр. Сапасы жоғары, бағасы қолайлы. Бізге сондай көлік керек, – деді Даниал Ахметов.


Бірақ Ресейде жасалған жедел жәрдем көліктерінен бас тартпайтындығымызды да қосып қойды облыс әкімі.


– Таулы аймақты «УАЗ» – таптырмайтын көлік. Оның баламасы жоқ. Демек, оларды да сатып алу қажет, – деді Д.Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив