Өскемен
+3°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Өскемендегі Есенберлин даңғылында 15 жастағы қызды өлтіріп кетті

18.09.2018, 08:31 32 0


Оқиға кеше қаладағы 19-шы ықшам ауданда орын алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сағат кешкі 21.00-де полицияға Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен екен.


15 жастағы жасөспірім қыздың  денесі пәтерден табылып отыр. Оның колледж студенті екені белгілі болды.


-Денесінде зорлық белгілері бар, - деп мәлімдейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.


Аталған қылмыста күдікті болып танылған 18 жастағы қала тұрғыны құрықталып отыр. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив