KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Аягөзде республикалық ақындар айтысы өтті

18.09.2018, 04:12 158


Астана қаласының 20 жылдығы мен Аягөз қаласының күніне орай "Туған жер-тұғырым" атты ақындар айтысы өтті.


Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жалынды сөз иелері өзекті тақырыптарда ой қозғады. Бап пенен бақтан көрі, ой менен орам ұтқан бәйгенің басын бермеген орақ тілділерге лайықты жүлде де тігілді. Үшінші орын иегерлері жүз -жүз мыңнан еншілесе, екінші орынға 200 мың, бірінші орынға 300 мың, бас жүлдеге 500 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.


Үшінші орынды Астаналық Абдрауф Орал мен Нартай Тілеуқұл теңдей бөліссе, екінші орынға Керекулік Нұрқанат Қайрат табан тіреді.Бірінші орынды Түркістандық Дәурен Ысқақ иеленді. Ал, бас жүлде нәзік үнді Тараздық Аруна Керімбектің еншісінде.


Ақындар айтысының әділ шешімін Несіпбек Айтұлы бастаған төрешілер шығарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив