KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Жармада жас балуандар белдесті

17.09.2018, 03:44 173


Жарма ауданының Қаратөбе ауылында еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сайысқа 120 дан астам палуан қатысты. 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түскен жас палуандардың үздік шыққандары облыстық біріншілікте өз бақтарын сынайтын болады.


Жалпы, Жарма ауданында балалар күресіне үлкен көңіл бөлінген. Балалар-жасөспірім спорт мектебінде еркін күреспен 363, грек-рим күресімен 235, дзюдомен 41, қазақша күреспен 104 оқушы тұрақты түрде айналысып келеді. Кезінде еркін күрестен КСРО ның тұңғыш спорт шебері атанған Қабден Байдосов, оның ізін лайықты жалғастыра білген спорт шеберлері Амангелді Мұсылманқұлов, Жақсылық Уәлиев, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен жастар арасында Азия чемпионы Расул Қалиев шыққан бұл өңір ежелден спорт саңлақтарына кенде емес. Ал, бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы 1200 ден астам жасөспірім спорттың 11 түрімен тұрақты түрде айналысуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив