KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Тайсон, Джейкобс, Сондерс, Рой Джонс және Уорт өз болжамдарын айтты

14.09.2018, 04:52 117


Головкин мен Альварес жекпе-жегі таяп қалды. Ал ол туралы мамандар мен танымал спортшылар не ойлайды? Білгіңіз келсе, ары қарай оқыңыз.


– Меніңше, Головкин жеңеді. «Канелоның» «допинг» дауынан кейінгі жағдайы мәз емес. Ал Головкин бұрынғы бап күйінде. Алға ұмтыла береді. Екеуінің бірінші жұдырықтасуында-ақ мен оны жеңімпаз деп білгем, – дейді Дэниел Джейкобс, Головкиннің бұрынғы қарсыласы.


– Бұл – әлем халқы үшін аса қызықты жекпе-жек. Ең танымал боксшылар жұдырықтаспақ. Екеуі де – сайыпқыран. Бірі жеңіп, бірі жеңіледі деп кесіп айту қиын, – дейді Бейбіт Шүменов, боксшы, екі салмақта әлем чемпионы.


– Мен екі спортшының да жанкүйерімін. Екеуінің тағы бір мәрте кездесетіні дұрыс болды. Бұған қуандым. Бірақ жеңілмейтін адам болмайды, бұл кездесуден бәрін күтуге болады. Бастысы, бірінші кездесуден әлдеқайда артық, көрнекі жекпе-жек болса болғаны, – дейді Лейла Әли, әйгілі Мұхаммед Әлидің қызы.


– Егер қазылар әділ болса, Головкиннің жеңері хақ. 8 немесе 9 раундта нокаутқа түсіреді қарсыласын, – дейді Билли Джо Сондерс, орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері (бұл белбеу Головкинде жоқ әлі).


– Аса тартысты жекпе-жек болғалы тұр. Жақсы дайындалған спортшы жеңеді ғой. Алдыңғы жекпе-жекте байқадым, Головкин соңына қарай шаршап қалды, 5-6 раундтағыдай тың емес еді. Не де болса, көреміз. «Канело» жеңсе таң қалмаймын. Бірақ Головкин жеңетін шығар... – дейді Давид Лемье, әлемнің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, Головкиннің бұрынғы қарсыласы.


– «Канело» жақсы дайындалып жатыр. Бірақ Головкин мықты. Нокаутпен жеңеді, – дейді Ванес Мартиросян, әзірге Головкинмен соңғы жұдырықтасқан боксшы.


– Тарихқа көз салсақ, қашан да айлалы, әдісі мол боксшы жеңген. Меніңше, сол боксшы – «Канело». Головкин ұлғайып қалды, – дейді Андре Уорт, екі салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы.


– Бұл аса тартысты кездесу болады. Ашық жұдырықтасуға барады екеуі. Екеуінің мүмкіндігі тең. Кездесу фоворитін атау мүмкін емес, – дейді Рой Джонс.


– Мен болжам жасауды ұнатпаймын. Екеуінің мүмкіндігі – 50 де 50. Әлбетте, отандасыма жақтаспын. Бірақ «Канело» мықты қарсылас, – дейді Данияр Елеусінов.


– Головкин – менің досым. Оны өте жақсы білемін, мықты жігіт. Бірақ дәл қазіргі уақытта «Канело» мықты көрінеді. Головкиннің аяғы өткен кездесуде «Канелоға» ілесе алмады. Меніңше, қазылардың шешімімен «Канело» жеңеді, – дейді Фредди Роуч, жаттықтырушы.


– Сауль оны нокаутқа түсіріп, өзінің мықты екенін дәлелдеуі керек. Мен оған сенемін. Міндетті түрде нокаутқа түсіреді. Мексикандықтар да нокаут күтіп отыр. Сауль жерселтеріне оны көрсетеді, – дейді Оскар де ла Хойя, Golden Boy Promotion компаниясының президенті, жекпе-жектің ұйымдастырушысы.


– Головкин – жақсы боксшы. Бірінші жекпе-жекте өздеріңіз көрдіңіздер ғой кімнің мықты екенін. Осы жолы да Головкин жеңеді, – дейді Майк Тайсон.


Материалдар шетелдік  басылымдардан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив