KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскеменде кассирді 4,5 мың теңге үшін өлтіріп кете жаздады (фото)

5.09.2018, 06:36 103


Қаладағы букмер кеңеселелерінің біріне белгісіз ер адам қарақшылық шабуыл жасап, кассирді өлтіріп кете жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Қарақшының сондағы олжасы – 4500 теңге болған.


Қарақшы бет-жүзін жейдесімен жасырып кіреді. Бұл кезде ғимаратта 25 жастағы кассир-оператор ғана болған. Кассаның жанында жатқан 4500 теңгені байқап қалған ер адам қалтасынан пышақ алып шығады. Кассирді суық қарумен қорқытып, ақшасын тартып алып кетіпті. Әлгі 4500 теңге жәбірленушінің өзінің жеке қаражаты екен.


ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бейнебақылау кмераларындағы жазба арқылы қарақшының кім екені анықталып отыр. Ол бұрын сотты болған 26 жастағы Семей тұрғыны болып шықты.



Жасаған қарақшылық әрекеті үшін ер адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив