KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменнің "қара маржаны" Брюссельде сәтті өнер көрсетті

4.09.2018, 09:27 138


Бельгияның Брюссель қаласында 2018 жылғы «Гауһар лига» жарысының екінші, шешуші финалдық кезеңі өтіп, оның қорытындысы бойынша жүлдегерлер қатарынан шығысқазақстандық «Altay athletics» клубының бір спортшысы табыла білді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге салайық, осының алдында Швейцарияның Цюрих қаласында доданың алғашқы финалдық кезеңі өтіп, онда жеңіл атлетиканың 16 түрінен үздіктерді анықталса, Брюссельде тағы 16 сайыстың жеңімпаздары белгілі болды.


Бельгия жерінде өзінің кезекті жүлдесіне «Altay athletics» клубының өкілі, 22 жастағы кениялық Нора Джеруто да иелік етті. Бұл ретте, Нора осымен екінші жыл қатарынан «Гауһар лиганың» финалында үш мың метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында үздіктер қатарына еніп отырғанын айта кету керек. Тек былтырғы додада кениялық желаяқ үшінші орыннан көрінсе, бір саты жоғарлап, биыл күміс медальға қол жеткізді.


Жалпы, әйелдер арасындағы стипль-чез сайысының шешуші сынына 12 спортшы қатысып, тартысты бәсекеде кениялық Беатрис Чепкоеч жеңіске жеткен-ді. Оның көрсеткіші – 8:55.10 минут. Джеруто болса, аталмыш қашықтықты 8:59.62 минутта жүгіріп өтті. Ал үздік үштікті түйіндеген 2015 жылғы Әлем чемпионы Хивин Киенгтің (Кения) уақыты 9:01.60 минутқа тең.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив