KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шенеуніктер азық-түлік бағасының негізсіз өсіп отырғандығын айтты

27.12.2018, 10:48 166



Шенеуніктер азық-түлік бағасының негізсіз өсіп отырғандығын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Үкімет отырысында азық-түлік бағасын бақылау мәселесіне назар аударған шенеуніктер, оның негізсіз өсіп отырғандығын алға тартты деп xабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бір аптаның ішінде 0,3 процентке өсті. Соның ішінде қырыққабат пен қанттың шекті бағасы барлық аймақтарда 15 процентке көтерілді.


-Енді қант бойынша объективті себептер бар. Әлем нарығында қанттың бағасы өсіп отыр. Ал қырыққабат бойынша жағдай өзгеше. Оны әкімдіктер өздері шеше алады. Сондықтан бағаның шекті мәндерін белгілеп, тиісті бақылау шараларын жүргізу керек. Алайда бір де бір әкімдік шекті мәндерді бекіткен жоқ. Бұл 2019 жылы бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына кері әсерін тигізуі мүмкін , - деді ол.


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев та азық-түліктің қымбаттап кеткенін атап өтті.


- Негізінен, біз соңғы бір ай бойы осы жөнінде айтып келе жатырмыз. Бірақ нәтиже жоқ. Қырыққабат пен қантқа қатысты объективті себептер бар делік. Қалғандардың бағасы негізсіз өсіп отыр. Себебі жергілікті әкімдіктер тарапыңыздан бақылау жоқ, - деді Б.Сағынтаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив