KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да «Ақ ниет» бағдарламасымен 50 жоба несиелендірілді

26.12.2018, 12:32 115



«Ақ ниет» бағдарламасымен 50 жоба несиелендірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс «Даму» қорымен бірге «Ақ ниет» атты өңірлік жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын іске қосқан. Ол бойынша 7 жылға 8,5 пайыз мөлшерлемемен несие беріледі. Несие қоры 3,3 миллиард теңгені құрап отыр.


– Қазірдің өзінде облыста «Ақ ниет» бағдарламасы аясында 50 жоба қаржыландырылып отыр, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов «Алтай» арнасында өткен тікелей эфирдегі сұхбатында.


Жалпы, облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 15 миллиард теңге бағыттау көзделуде. Ол қаржы несиелерді арзандатуға және кепілдендіруге жұмсалады.


Соңғы үш жылда облыс БЖК бойынша 15,6 миллиард теңгені 793 жобаға бөлген. Нәтижесінде, 1,7 мың жұмыс орны ашылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив