KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Аягөзде «Саналы азамат» тақырыбында онлайн кездесу өтті

2.12.2020, 16:13 191
«Саналы азамат» тақырыбында онлайн кездесу өтті
Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің «Жас артиллеристар клубы»  11 сынып оқушыларымен  10181 әскери бөлімінің мемлекеттік құқықтық дайындық және мемлекеттік тілді дамыту аға офицері капитан Аслан Тагаев пен осы мектептің түлегі болған аға лейтенант Мақсат  Ашкенов онлайн кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты ертеңгі мектеп қабырғасын бітіріп шығатын оқушыларға жоғарғы әскери оқу орындары туралы жалпылай мағлұмат пен кәсіптік бағдар беру. Клуб оқу жылы барысында «Оқушыларға  патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды.
Кездесу барысында оқушылар белсенді түрде қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, офицерлердің мардымды жауаптары мен пікірлерін тыңдады. Шарада сөз алған аға лейтенант Мақсат Ашкенов оқушыларға өзінің жақсы мамандық таңдағандығы  жайлы әңгімелеп, ер балаларға болашақта Қарулы Күштердің жоғарғы әскери оқу орындарына түсуге шақырды. Жиын соңында «Жас артиллерист» патриоттық клубының жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сержант Қазбеков Дәурен Бимуратұлы қонақтарға өз атынан және мектеп ұжымы атынан рахметін айтып, алғыс білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив