Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 7 сәуіріне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Мінезіңіз жайлы туған күніңіз не дейді?

0

71

Туған күніңізге қарап, мінезіңізді біліңіз

Қаңтар

1-10 (Алма ағашы)

11-12 (Шырша)

13-24 (Емен)

25-31 (Грек жаңғағы)

 Ақпан

1-08 (Шетен ағашы)

9-18 (Балқарағай)

19-28 (Қарағай)

Наурыз

1-10 (Қызылтал)

11-20 (Жөке ағашы)

21 (Қайың)

22-31 (Ағаш жаңғағы)

Сәуір

1-10 (Алма ағашы)

11-20 (Үйеңкі)

21-30 (Ағаш жаңғағы)

Мамыр

 01-14 (Терек)

15-24 (Талшын)

25-31 (Шаған)

Маусым

1-3 (Шаған)

4-13 (Қызылқайың)

14-23 (Інжір)

24 (Қайың)

25-30 (Алма ағашы)

Шілде

1-4 (Алма ағашы)

5-14 (Шырша)

15-25 (Шегіршін)

26-31 (Сауырағаш)

Тамыз

1-4 (Сауырағаш)

5-13 (Терек)

14-23 (Балқарағай)

24-31 (Қарағай)

Қыркүйек

1-2 (Алма ағашы)

3-12 (Қызылтал)

12-22 (Жөке ағашы)

23 (Зәйтүн ағашы)

24-30 (Ағаш жаңғағы)

Қазан

 1-3 (Ағаш жаңғағы)

4-13 (Алма ағашы)

14-28 (Үйеңкі)

29-31 (Ағаш жаңғағы)

Қараша

 1-11 (Ағаш жаңғағы)

12-28 (Емен)

29-30 (Шаған)

Желтоқсан

1 (Шаған)

2-11 (Қызылқайың)

12-21 (Інжір)

22 (Бүк ағашы)

23-31 (Алма ағашы)

Қайың – әдемі сымбатты ағаш. Жиын, отырыстарда ешкімге салмақ салмауды қалайды, серіктерінің қалтасын қағып алуды ойламайды. Көп нәрсе талап етпейді, әдепсіздікті жек көреді, қиын жағдайларда өзін мықты ұстайды. Сезімге адал. Ақылды, еңбекқор, қиялға жүйрік, сондықтан да елге сыйлы.

Бүк ағашы – сырт келбетінің мінсіздігіне ұмтылады, кейде батыл өмірлік жоспарлар құрып, оларды іске асыруға барын салады. Бүк ағашының белгісінде туылған адамдар үнемшіл, тіпті кейде сараң. Махаббатта қиял жетіспейді, алайда, ол қамқор күйеу және үй күшік.

Қызылтал – адамдармен қарым-қатынаста тым сезімтал және тым әсершіл, саяхаттағанды жақсы көреді. Оның бойында екі болмыс бар: 1- сезімтал, 2 – уайымшыл, құбылмалы. Мінезі мейірбан, бірақ онымен өмір сүру оңай емес. Ол кірпияз, талапшыл, кейде долы. Жеке өмірінде көп азаптанады, өзін түсініксіз адам деп есептейді және көпке ұнамаймын деп ойлайды.

Шегіршін – салмақты, байсалды, шыдамды, өзін еркін билейтін, өзіне көп талап қоятын және өзгенің кемшілігі мен қателіктерін көтере алмайтын адам. Денсаулығы төзімді, мейірімді, бауырмал жан, бірақ кейде озбырлық танытуы да мүмкін. Өз өмірін саналы түрде жоспарлайды. Әзіл-қалжыңға жақын.

Қызылқайың – түр-сымбатына көп мән береді. Парасатты және тәртіпті өмір салтын ұстанады. Сүйкімді, адал және өте ұқыпты. Атақты болуды армандайды, көпке сыйлы, үлгілі болуды қалайды, жұрттың оған масаттана қарағанын жөн көреді. Махаббатта ерекше бір сезімді бастан кешіргісі келеді, көбіне өзі ғашық болғаннан, оған ғашық болатындар көп. Жеке өмірі жайлы көп сыр ашпайды.

Ағаш жаңғағы – берік ағаш және кереғарлыққа толы. Адамдармен қарым-қатынаста көбіне қатал және мейірімсіз. Күтпеген әрекеттерге барып жатады және шектен тыс талапшыл болатыны бар. Жағдайға байланысты икемделе алмайды. Абыройлы, сыйлы, алайда көпке ұнамсыз. Өзі демалмайды және өзгелерді демалтпайды. Ой-өрісі кең және жан-жақты білімді. Ымыраға келуді жақтырмайды. Онымен кездескен адамдар тым көп жақсылығына бөленеді немесе мүлде жауласып кетеді.

Емен – физикалық тұрғыда да, адамгершілік тұрғысынан да өміршең, ержүрек, мықты адам. Дәрі-дәрмек, сырқаттану, қыңқылды ұнатпайды. Кез келген жағдайда ержүректік танытады. Махаббатта бір көзқарастан-ақ ғашық болып, қарым-қатынастың өмірлік екеніне сенеді. Әрекеттің адамы.

Шырша – қатал тұрпаттағы сымбатты адам, алайда әрдайым сырбаз және біртума. Қоғамда адамгершілігімен және байсалдылығымен ерекшеленеді. Ұзақ өмір сүреді, бірақ кейде созылмалы ауруларға тап болатындары да бар. Қыңыр және кірпияз. Заманауи өмір мен қарым-қатынас үшін мінезі икемсіз. Атаққұмар, намысқор, алғыр, дарынды және еңбекқор. Махаббатта әрдайым қанағат жетіспейді. Атаққа жеңіл жетеді.

Талшын – әділеттікке жаны құмар. Кез келген сұрақтың шешімін табады. Махаббатта талғампаздыққа ұрынып, өзіне лайық серік табуда қиналады. Көбіне бір рет қана сүйеді. Отбасылық өмірде адал, тапқыр, өнертапқыш, пысық, парасатты, ақылды. Оның тағдыры жағдайларға байланысты: немесе биікке көтеріледі, немесе өмір бойы кедергілермен алысып өтеді.

Балқарағай – байсалды, көрнекті, салмақты, маңызды және бойшаң ағаш. Ерекше сымбатты адамдар. Денсаулығы мықты. Өзіне сенімді, өзін сыйлата алады. Еңбекқор және шығармашылық қабілеті бар. Серіктестері оның сенімінен нәр алады. Күй таңдағыш және талғампаз. Бәлкім, ол өмірін жалғыз махаббатын аңсаумен өткізеді. Қызметте басшылыққа бейім. Музыкаға бейім.

Сауырағаш – сымбатты, берік ағаш келесідей мінездемеге ие: бақытты болуына көп нәрсе қажет емес, кез келген жағдайда риза, сабырлы, оптимизмге толы. Жалғыздықты сүймейді, жанында әрдайым жақындары болғанын қалайды. Өзіне бағынышты адамдарға қаталдық танытады. Қызметте ретсіз, махаббатта сабырсыз, желікпелі. Игілікті, жайдары, достыққа адал.

Үйеңкі – біртумалығымен ерекше. Бұл адам жасқаншақ, ұялшақ, ынжық, өте сақ. Тәкаппарлығы мен өзін жақсы көретіндігімен ерекшеленеді, алайда көбіне салғырт. Ерекше ақылды және зерек, есте сақтау қабілеті жақсы. Махаббатта қиын адам, өзін сыйлата білгісі келеді және сонымен қатар серігінде үрей тудырады.

Грек жаңғағы – мұндай адам сыпайы және көп көзге түспейді, алайда айналасындағыларға ықпал ете алады. Жеке сүйкімділігі мен көз тартарлығының арқасында мақсатына жетеді. Айналасындағылармен өте жайдары. Көпшіліктің ортасында жүргенді қалайды. Ақылды, білімді, зиялы. Түйсігі жақсы дамыған.

Жөке ағашы – мұндай адамның мінезі жақсы. Жолы болғыш, сыйлы және сүйікті. Көпшілік ортаны жақсы көреді, тиянақты және көнгіш. Махаббатта бақытқа кенелетіндері аз, кейбірі әрдайым зарланып, шағымдануға құмар. Олардың көбі қызғаншақ және іштар болады.

Зәйтүн ағашы – адамдармен қарым-қатынаста сүйкімділігімен, зерделілігімен және әдептілігімен көзге түседі. Мінезі салмақты және жайлы. Махаббатта қызғанышқа бой алдырмайды, серігінің ісі дұрыс емес болса да, оның құқығын жақтайды. Терең ойланғанды, кітаптар, қоғамдық орта, ақылды адамдарды жақсы көреді. Үйдің берекесін келтіретін адам.

Шетен ағашы – сырт келбетінің нәзіктігі мен жіңішкелігіне қарамастан, берік, мықты және төзімді ағаш. Тағдырдың қатал сынына қажымай және ерше жауап бере алады. Бұл белгінің астында туылғандар пәлсапаға құмар, суретшілік дарыны бар, құмарлықпен сүйеді, серіктерін жиі ауыстырады. Адамға үйір.

Қарағай – мұндай адамдар өзінің сұлулығына сенімді. Көбіне өзін жақсы көреді. Айналасында өзіне ұнайтын адамдар жүргенін қалайды. Дөрекілікке дейін бара алатын қайсар. Жақсы серіктес, бірақ көңілі тез қалады. Жұмыстан қанағат таба алады, ұйымдастырушылық қабілеті бар.

Терек – сәнді, көрнекті, қартаймайтын ағаш. Бұл белгінің астында туылған адамдар өзіне сенімсіз, әрдайым біреудің тілектестік білдіруіне зәру. Мінезі қыңыр, кірпияз және талғампаз, өте әсершіл, сондықтан адамдармен қарым-қатынасы қиын. Жүрегі үлкен махаббатты қалайды, бірақ сезімге әрдайым көңілі толмайды. Қиын-қыстау сәттерде серігіне қорған бола алады.

Інжір – мықты тұлға. Ой-пікірін білдіруде тәуелсіз, отбасылық өмірді жақсы көреді. Балалар мен жануарларға мейірімі ерекше. Зерек, кемелденген, қабілетті, білімді, зиялы. Жалқаулығы басым. Әзіл-қалжыңға құмар.

Алма ағашы – сымбаты мен сүйкімділігімен баурап алатын адам. Өмірін шытырмандар мен албырттыққа жұмсауға дайын, бірақ отбасылық өмірден қанағат тапса, барлық қызығушылығынан бас тартуға дайын. Керек болса, соңғы тиынын да бере салады. Оның осы мейірбандылығын пайдаланып кететіндер де көп. Ғылымға қабілеті бар. Қызықты, қызу, қозғалысқа толы өмір сүреді.

Шаған – сүйікті, талапшыл, діттеген мақсатына оңай жетеді, бірақ егер қолынан келмесе көлеңкеде жасырынуды қалайды. Зерек, жарқын. Атаққұмар, алғыр, оның «бұтақтарының» көлеңкесінде жату өте ыңғайлы, тіпті дауылды күндері де. Бірегей адам, алайды кейде өзімшіл. Махаббатта адал.

 

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 16:38

Елбасының үндеуі 8 сәуірде жарияланады

Бүгін, 16:35

Өскеменде психолог 9-қабаттан секірмек болған жігітті өлімнен алып қалды

Бүгін, 16:13

Бір үйден бір адам ғана шыға алады – полиция

Бүгін, 16:10

Сәуірдің зейнетақысы үйді-үйге жеткізіліп береді - «Қазпошта» басшысы

Бүгін, 14:45

42500 теңгені алуға қанша адам өтініш берген?

Бүгін, 14:42

Даниал Ахметов рұқсат қағазды қалай қолдану керектігін айтты

Бүгін, 14:31

Маска инфекцияның таралуын тежейді - ғалымдар

Бүгін, 14:30

Коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тіркелді

Бүгін, 12:00

Коронавирус: 20 науқастың жағдайы ауыр

Бүгін, 11:43

ШҚО су тасқынына дайын

Бүгін, 11:20

Қазақстандықтардың бұғатталған «карточкалары» ашылады

Бүгін, 11:16

Бақылау бекетінен пара беріп өткендер жазаланады - Антикоррупция

Бүгін, 11:14

Үйі жоқтарға 2%-бен арзан ипотека беріледі

Бүгін, 10:46

Өскемен тұрғындары карантиннің бірінші күнінде тәртіп бұзған жоқ - Полиция

Бүгін, 10:32

ШҚО-да екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 09:45

Коронавирус жұқтырғандардың саны 670 адамға жетті

Бүгін, 09:15

Айтыскер ақын Аслан Ғафуров ауылдағы көпбалалы аналарға көмек жасады

Бүгін, 09:00

7-9 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

06.04.20, 18:40

Коронавирустан көз жұмған адамның сүйегі қалай жерленеді?

06.04.20, 16:16

Науқастардың 85 пайызында ауру жеңіл түрде өтуде – Айжан Есмағамбетова

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 16:38

Елбасының үндеуі 8 сәуірде жарияланады

Бүгін, 16:35

Өскеменде психолог 9-қабаттан секірмек болған жігітті өлімнен алып қалды

Бүгін, 16:13

Бір үйден бір адам ғана шыға алады – полиция

Бүгін, 16:10

Сәуірдің зейнетақысы үйді-үйге жеткізіліп береді - «Қазпошта» басшысы

Бүгін, 14:45

42500 теңгені алуға қанша адам өтініш берген?

Бүгін, 14:42

Даниал Ахметов рұқсат қағазды қалай қолдану керектігін айтты

Бүгін, 14:31

Маска инфекцияның таралуын тежейді - ғалымдар

Бүгін, 14:30

Коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тіркелді

Бүгін, 12:00

Коронавирус: 20 науқастың жағдайы ауыр

Бүгін, 11:43

ШҚО су тасқынына дайын

Бүгін, 11:20

Қазақстандықтардың бұғатталған «карточкалары» ашылады

Бүгін, 11:16

Бақылау бекетінен пара беріп өткендер жазаланады - Антикоррупция

Бүгін, 11:14

Үйі жоқтарға 2%-бен арзан ипотека беріледі

Бүгін, 10:46

Өскемен тұрғындары карантиннің бірінші күнінде тәртіп бұзған жоқ - Полиция

Бүгін, 10:32

ШҚО-да екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 09:45

Коронавирус жұқтырғандардың саны 670 адамға жетті

Бүгін, 09:15

Айтыскер ақын Аслан Ғафуров ауылдағы көпбалалы аналарға көмек жасады

Бүгін, 09:00

7-9 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

06.04.20, 18:40

Коронавирустан көз жұмған адамның сүйегі қалай жерленеді?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: