Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 2 шілдесіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасады

0

Мемлекеттік басшысы тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуін жариялады.

Мемлекет басшысы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең екенін атап өтті. 

"Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды", - деді Тоқаев өз үндеуінде.

Президент 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленгенін еске салды.

"Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға "үлкен террордың" орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды", - деп атап өтті ол.

Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар.  

Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері ("АЛЖИР") сол жылдардағы қатыгездік пен жауыздықтың қара таңбасындай болды. Мұнда саяси тұтқындардың жақын туыстары, әйелдері мен балалары қамалды.  

"Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты", - делінген үндеуде.

Тоқаев сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салғанын жеткізді. Оның айтуынша, тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды.

"Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық. Бүгінде республика өңірлерінде "Қазақ халқына – мың алғыс" монументтері орнатылған. Бұл – қазақ жұртының ақ пейілі мен даналығына деген шексіз ризашылықтың белгісі", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

"Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету –  баршамыздың перзенттік борышымыз", - деп түйіндеді ол.


Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 08:55

ШҚО-да 2 шілде күні ауа райы қандай болады?

01.07.20, 18:15

Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин жариялау ұсынылды

01.07.20, 16:54

Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды

01.07.20, 15:20

ШҚО-да 41 адам коронавирустан емделіп шықты

01.07.20, 14:36

Өскеменде қоғамдық көліктер қайта көбейе ме?

01.07.20, 13:28

Өскемендік оқушы ҰБТ-дан 127 ұпай жинады

01.07.20, 12:14

Даниал Ахметов азаматтарды онлайн форматта қабылдады

01.07.20, 11:00

Дәрігердің кеңесін үйде отырып алуға болады

01.07.20, 10:15

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асып кетті

01.07.20, 09:30

Ресей халқы Конституцияға түзету енгізу үшін дауыс беріп жатыр

01.07.20, 09:00

Коронавирус: ШҚО-да науқастардың саны 800-ден асты

30.06.20, 22:12

Қалалардың жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты

30.06.20, 21:00

Семейде шомылып жүрген 10 жастағы бала қаза болды

30.06.20, 20:16

ШҚО-да зейнеткер өртте қаза болды

30.06.20, 19:31

ШҚО-да 79 түлектің ҰБТ нәтижелері жойылды

30.06.20, 19:01

Қатты нөсер келе жатыр

30.06.20, 18:31

«Корона-такси» қызметі іске қосылуы мүмкін

30.06.20, 18:02

Амбулаториялық-емханалық көмек қашықтықтан көрсетіледі

30.06.20, 17:38

Өкпені тексертудің арзан жолы қандай? – министр жауабы

30.06.20, 16:12

Шығысқазақстандық еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 08:55

ШҚО-да 2 шілде күні ауа райы қандай болады?

01.07.20, 18:15

Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин жариялау ұсынылды

01.07.20, 16:54

Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды

01.07.20, 15:20

ШҚО-да 41 адам коронавирустан емделіп шықты

01.07.20, 14:36

Өскеменде қоғамдық көліктер қайта көбейе ме?

01.07.20, 13:28

Өскемендік оқушы ҰБТ-дан 127 ұпай жинады

01.07.20, 12:14

Даниал Ахметов азаматтарды онлайн форматта қабылдады

01.07.20, 11:00

Дәрігердің кеңесін үйде отырып алуға болады

01.07.20, 10:15

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асып кетті

01.07.20, 09:30

Ресей халқы Конституцияға түзету енгізу үшін дауыс беріп жатыр

01.07.20, 09:00

Коронавирус: ШҚО-да науқастардың саны 800-ден асты

30.06.20, 22:12

Қалалардың жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты

30.06.20, 21:00

Семейде шомылып жүрген 10 жастағы бала қаза болды

30.06.20, 20:16

ШҚО-да зейнеткер өртте қаза болды

30.06.20, 19:31

ШҚО-да 79 түлектің ҰБТ нәтижелері жойылды

30.06.20, 19:01

Қатты нөсер келе жатыр

30.06.20, 18:31

«Корона-такси» қызметі іске қосылуы мүмкін

30.06.20, 18:02

Амбулаториялық-емханалық көмек қашықтықтан көрсетіледі

30.06.20, 17:38

Өкпені тексертудің арзан жолы қандай? – министр жауабы

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: