Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 12 желтоқcанына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

«Көпбалалы аналарға 500 мың теңге». Жұртты әуре-сарсаңға салған фейк-ақпараттар

0

45

Мессенджерлер арқылы таралатын фейк-ақпараттар көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге қатысты екен. Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жазаланғандары да бар. Себебі аталған іс-әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жаза тағайындалады, деп хабарлайды Tengrinews.

Дереккөз осыған дейін көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге қатысты тараған жалған ақпараттарға шолу жасаған екен. 

Бүгінде көптеген фейк-жаңалық мессенджерлер арқылы таралып жатады. Фейк-ақпарат тарататын адамдардың не ойлағаны, оларға жалған мәлімет таратқаннан не пайда бары түсініксіз. Алаяқтардың жалған ақпаратты сендіріп жазатыны соншалық арасына "бүгін құжаты келді" не "бұл - сенімді ақпарат" деп таратып жатады. 

 «Көпбалалы аналарға ақша таратылады»

 "Көпбалалы аналарға ақша таратып жатыр екен" деген ақпаратты естігеніңізде сенбегеніңізбен, бір шеті сеніп, құр қалып қалмайын деген ой санаңызда тұратыны анық. Сондай оқиғалардың бірі 2019 Алматыда болған. Биыл 16 қыркүйекте WhatsApp-чаттарында сондай-ақ Instagram желісіндегі топтарда оңтүстік астанада "Розыбакиев көшесінде орналасқан белгілі бір мейрамхананың алдында көпбалалы аналарға ақша таратады" деген ақпарат тараған.  Бұл жаңалыққа сеніп қалған аналар лезде мейрамхана алдына жиналған. Алайда олардың қуанышына су сепкендей басылды. Себебі ақпарат жалған болып шыққан. Арандатушылар күлкіге қарық болғанымен, оларға құқық қорғау органдары іздеу салған. 

 «Зейнеткерлерге 150 мың теңге өтемақы»

 "Зейнетақы қоры зейнеткерлерге инфляцияға байланысты шамамен 150 мың теңге көлемінде өтемақы төлейді. Бұл ақпарат қарапайым халыққа жетпеген, бірақ бүгін менің ата-анам осыған байланысты арыз жазды. ХҚКО мамандары да бұл ақпаратты растады. Егер зейнеткер таныстарыңыз болса бүгін ХҚКО-ға және БЖЗҚ-ға барсын деп айтыңыз. Бұл - сенімді ақпарат, бүгін ата-анамнан естіп, зейнеткерлерге хабарланбағанына наразы болдым. Сосын бұл ақпаратты өзім таратуға шешім қабылдадым", - деген ақпарат 2018 жылы мессенджерлерде тараған.  Аталған ақшаны талап етіп дүрліккен зейнеткерлер Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған. Жалған ақпаратқа сеніп қалған зейнеткерлерге орталық мамандары бұл фейк-мәлімет екенін түсіндірген. 

 «Көпбалалы аналарға 100 мың теңге төлейді»

 Биыл Халықаралық әйелдер күніне көпбалалы аналарға, "Күміс алқа", "Алтын алқа" және 1, 2-дәрежедегі "Ана даңқы" орденінің иегерлеріне 100 мың теңгеден берілетіні туралы аноним ақпарат тараған. Хабарламада бұл қаражатты "Қазпочта" бөлімшелерінен алуға болатыны айтылған.  Мәліметтің рас-өтірігін тексеру үшін елорда және Шымкент тұрғындары әкімдікке сауал жолдаған. Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеген.  Артынша бұл жаңалық жайдан жай таралмағаны белгілі болған. Биыл 19 ақпанда Шымкент қаласының сол кездегі әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көпбалалы аналарды қолдау орталығының ашылғанын айтып, 1 наурыздан "Күміс алқа", "Алтын алқа", және "Ана даңқы" ордендерінің иегерлері қоғамдық көлікте тегін жүретінін мәлімдеген екен.  Сонымен қатар, экс-әкім биыл тамыздан аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға көмек көлемін 25 мыңнан 100 мың теңгеге дейін арттыру жоспарда бар екенін айтқан. Осылайша экс-әкімнің ұсыныстары фейк-ақпараттардың таралып кетуіне негіз болған. 

 «Мемлекеттен көпбалалы аналарға 500 мың теңге беріледі»

 Дәл осы жаңалық биыл сәуірде оралдықтарды дүрліктірген. "Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Егер сіздердің араларыңызда жұмыссыз, көпбалалы аналар болса, сіз мемлекеттен 500 мың теңге аласыз. Тезірек қажет құжаттарды жинап, ақшаңызды алыңыз. Аяғы ауыр келіншектерге де 480 мың теңге берілмек. ХҚКО-на барыңыз.  Ал бизнеспен айналысқысы келетіндерге мемлекет 1 миллион теңге береді. Ол ақшаны қайтару қажет емес. Сонымен қатар, 600 мың теңге мен 6 миллион аралығында 6 пайызбен несие беріледі. Мемлекет жұмыссыз азаматтарды тегін оқытып, стипендия бөлген. Осы ақпаратты барлық топтарға жіберулеріңізді сұраймын. Мемлекет бөлген ақшаңызды алуға асығыңыз", - деп ақпарат тараған.  Оралдық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және аталған төлем бойынша ресми қағаз келмегенін мәлімдеген.

 «Әр балаға 11 мың теңге жәрдемақы»

 Биыл қыркүйекте WhatsApp-мессенджерлерінде тараған бұл мәліметке қуанбаған отбасы жоқтың қасы. Лезде тарап кеткен жаңалықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шындыққа жанаспайтын фейк-ақпарат екенін мәлімдеген.

 

Еске салайық, бала туғанда төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2003 жылы енгізілген. Ол жұмыс істейтін және жұмыссыз әйелдерге республикалық бюджет есебінен төленеді.  2019 жылы біржолғы жәрдемақының мөлшері: бірінші, екінші, үшінші балаға - 38 АЕК (биыл 1 АЕК - 2525 теңге) немесе 95 950 теңге. Ал төрт және одан да көп балаға - 63 АЕК не 159 075 теңге. Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді. Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы: бірінші балаға - 5,76 АЕК не 14 544 теңге, екінші балаға - 17 195 теңге, үшінші балаға - 19 821 теңге. Ал төрт және одан да көп балаға - 8,9 АЕК немесе 22 473 теңге.  

Айта кетейік, Қылмыстық кодексте (274-бап) көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 


Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 16:30

«Altay Athletics» спортшысы халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Бүгін, 16:27

ШҚО құрамасы конфедерация кубогының қола жүлдесіне ие болды

Бүгін, 16:17

Шыңғыстайдағы Оралхан Бөкей тұрған үйге қатысты үлкен жоба туралы айтылды

Бүгін, 15:40

Өскемендегі «Қазақстан» тауында көк байрақ қайта желбіреді

Бүгін, 14:18

Өскемендегі этнопаркті конькимен аралауға болады

Бүгін, 13:00

Бүгін «Жастар шығармашылығы» атты көрменің жеңімпаздары анықталады - Өскемен

Бүгін, 12:00

Өскеменнің белсенді жастары марапатталды (видео)

Бүгін, 11:16

ШҚО экология департаментіне жаңа басшы келді

Бүгін, 11:07

Президент стипендиясының иегерлері белгілі болды

Бүгін, 10:51

"Республикадан 7 команда". Бүгін Өскеменде "КВН" болады

Бүгін, 10:25

Чемпиондар лигасы: Плэй-офф кезеңіне өткен командалар белгілі болды

Бүгін, 10:15

"Зейнетақы қоры" ШҚО аудандарын аралап қызмет көрсетеді

Бүгін, 10:12

ШҚО-да көлік жолы жабылды

Бүгін, 09:04

Өскеменде жыл басынан бері 290 рет өрт шықты

Бүгін, 08:05

Сіз қандай жансыз?

11.12.19, 19:30

15 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік концерт өтеді – Семей

11.12.19, 18:00

ШҚМУ студенті гір спортынан өткен ел чемпионатынан жүлделі қайтты

11.12.19, 17:27

Қақаған аязда аман қалған бірқазандар қазір қайда?

11.12.19, 17:02

Өскемен Тәуелсіздік күнін "Формат" және жәрмеңкемен ғана «атап» өте ме?

11.12.19, 16:47

ШҚМУ-да студенттерге арналған "Career Day" өтті

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 16:30

«Altay Athletics» спортшысы халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Бүгін, 16:27

ШҚО құрамасы конфедерация кубогының қола жүлдесіне ие болды

Бүгін, 16:17

Шыңғыстайдағы Оралхан Бөкей тұрған үйге қатысты үлкен жоба туралы айтылды

Бүгін, 15:40

Өскемендегі «Қазақстан» тауында көк байрақ қайта желбіреді

Бүгін, 14:18

Өскемендегі этнопаркті конькимен аралауға болады

Бүгін, 13:00

Бүгін «Жастар шығармашылығы» атты көрменің жеңімпаздары анықталады - Өскемен

Бүгін, 12:00

Өскеменнің белсенді жастары марапатталды (видео)

Бүгін, 11:16

ШҚО экология департаментіне жаңа басшы келді

Бүгін, 11:07

Президент стипендиясының иегерлері белгілі болды

Бүгін, 10:51

"Республикадан 7 команда". Бүгін Өскеменде "КВН" болады

Бүгін, 10:25

Чемпиондар лигасы: Плэй-офф кезеңіне өткен командалар белгілі болды

Бүгін, 10:15

"Зейнетақы қоры" ШҚО аудандарын аралап қызмет көрсетеді

Бүгін, 10:12

ШҚО-да көлік жолы жабылды

Бүгін, 09:04

Өскеменде жыл басынан бері 290 рет өрт шықты

Бүгін, 08:05

Сіз қандай жансыз?

11.12.19, 19:30

15 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік концерт өтеді – Семей

11.12.19, 18:00

ШҚМУ студенті гір спортынан өткен ел чемпионатынан жүлделі қайтты

11.12.19, 17:27

Қақаған аязда аман қалған бірқазандар қазір қайда?

11.12.19, 17:02

Өскемен Тәуелсіздік күнін "Формат" және жәрмеңкемен ғана «атап» өте ме?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: