Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 14 тамызына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

«Мұғалім мәртебесі туралы» Заңның қандай басымдылықтары бар?

0

«Мұғалім мәртебесі туралы» Заң келер жылдың қаңтарынан күшіне енетіні белгілі. Жаңа заң аясында педагогтарға қандай жеңілдіктер жасалатыны және білім саласындағы өзге де мәселелер төңірегінде Өскеменде республикалық семинар өткен болатын.

«Педагог мәртебесін арттырудағы әдістемелік қызмет пен біліктілікті арттыру жүйесінің өзара әрекеті» тақырыбындағы басқосуға Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің персоналды басқару және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Айман Дүйсембаева қатысты.

Жиында заң жобасын таныстырған министрлік өкілі Айман Дүйсембаева құжатта мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру шаралары қарастырылғанын айтты. Оның ішінде мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беру мәселесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу бар. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдердің еңбекақысын өсіру, «Үздік педагог», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранттары сияқты қолданыстағы барлық әлеуметтік кепілдіктер заң жобасында сақталғаны айтылды.

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасында мұғалімдерге қосымша ақы төлеу қарастырылған. Құжатқа сәйкес, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Педагогикалық шеберлігі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылған. Сондай-ақ магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 25 мың теңге шамасында үстемеақы төленеді.

Сынып жетекшілігі үшін еліміз бойынша 173 мың мұғалімнің, ал дәптер тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысы екі есеге артады. 212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты айлық жалақыдан 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. 7 мың қызметкерге магистр дәрежесі үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Бұдан бөлек, 18 мың қызметкер тәлімгерлік үшін бір базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы алады. 100 мыңнан астам педагогтың жазғы демалысы 14 күнге ұзарды. Енді олар 56 күн демалады. Ең бастысы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төрт жылдың ішінде жалақыны екі есе өсіру көзделген.

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасында материалдық емес стимулдар да бар. Мәселен, мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын беру және тағы басқа. Мұғалімнің кәсіби мәртебесін көтеру жағдайында мұғалімдердің әдістемелік қызметі мен жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау мақсатындағы жиынға «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының директоры Сәуле Байхонова, Қазақстан-американдық еркін университеті колледжінің директоры Марина Кикина, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры Ирина Ровнякова, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстың, ауданның әдістемелік орталықтарының директорлары, білім беру ұйымдарының директорлары мен инновациялық жұмыстар жөніндегі директорлардың орынбасарлары қатысып, пікір алмасты.

-Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Білімі терең, ойы озық ұрпақ тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы зор жауапкершілік жүктеп отыр. Білім сапасын арттыру бойынша қазір ауқымды жұмыстар атқарылуда. Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, көптеген жаңа нормативтік-кұқықтық актілер қабылдаңды. Мұның барлығы әлемдегі өзгерістерге сай болуымыз үшін және қарқынды дамып жатқан жағдайларда қазақстандық білімнің мобильді, заманауи және терең болуы үшін қажет,-деді облыстың білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова. -Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Менің мектебім» аймақтық жобасы қолға алынып, өңірдегі 655 мектептегі пән кабинеттері мен роботтық техника кабинеттері Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарттарына сай заманауи құралдармен жабдықталды. Облыс меценаттары жомарттық танытып, осы мақсатқа 2,8 млрд. теңгенің демеушілігін көрсетті. Шығыс өңірі үштілді білім беру қанатқақты жобасын алғашқы болып қолға алды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Семинар барысында Өскемендегі №46 орта мектебінде жаңа модификацияланған кабинеттердің формалары мен жұмыс әдістері туралы шеберлік сағаттары өтті. Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының Қанипа Бітібаева аймақтық зертханасында жетекші Толқын Кентпаеваның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан, Семей, Риддер қалаларымен онлайн қосылу арқылы «Абайтану» курсында Қанипа Бітібаеваның Абай шығармашылығын оқыту технологиясы бойынша іс-тәжірибемен бөлісті. Семинар қатысушылары «Қазақтың Қанипасы» атанған дара ұстаз Қанипа Бітібаеваның құнды қолжазбалары мен жеке заттары сақталған мұражайды тамашалаған соң «Ақ-ниет» мектеп-интернатының инклюзивті білім беретін мұғалімдерінің әдістемелік

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

13.08.20, 17:23

Орталық комиссия Сенат сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

13.08.20, 16:11

Бірдей нөмірмен жүрген үш көлік. Ол қалай?

13.08.20, 15:39

"Ақша бөлінген" Ахмер жақтағы жолдың аяқталар түрі жоқ

13.08.20, 13:00

Катонқарағай ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтті

13.08.20, 12:15

ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдей түсті

13.08.20, 11:39

Экологтар жағалауларды тазалады – ШҚО

13.08.20, 10:42

Covid-19: Өскемен – 20, Семей – 20, Тарбағатай – 11...

13.08.20, 10:19

Күршімде бордақы алаңдары және сүт цехтары көбейіп келеді

13.08.20, 10:07

Өскемен полицейлері жол белгілерін тексерді

13.08.20, 10:06

Құрғақшылық: Ауылдағы жұрт малдарын сата бастады - ШҚО

13.08.20, 09:30

Министрлік: "Марқакөлдегі майқан балығына су құзғындары қауіп төндіріп тұр"

13.08.20, 09:05

ШҚО-да өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

13.08.20, 08:00

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12.08.20, 17:29

Ольга Булавкина Сенат депутаты болып сайланды - ШҚО

12.08.20, 16:30

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 30 адам қайтыс болған

12.08.20, 16:15

Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда

12.08.20, 16:09

Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина сатып ала ма?

12.08.20, 15:54

Аягөздегі балалар орталығы: Тексеріс нәтижелері жарияланды

12.08.20, 15:41

Күршімде биыл қолға алынған 11 жоба. Ол қай нысандар?

12.08.20, 15:15

ШҚО әкімі: "17 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етіледі"

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

13.08.20, 17:23

Орталық комиссия Сенат сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

13.08.20, 16:11

Бірдей нөмірмен жүрген үш көлік. Ол қалай?

13.08.20, 15:39

"Ақша бөлінген" Ахмер жақтағы жолдың аяқталар түрі жоқ

13.08.20, 13:00

Катонқарағай ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтті

13.08.20, 12:15

ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдей түсті

13.08.20, 11:39

Экологтар жағалауларды тазалады – ШҚО

13.08.20, 10:42

Covid-19: Өскемен – 20, Семей – 20, Тарбағатай – 11...

13.08.20, 10:19

Күршімде бордақы алаңдары және сүт цехтары көбейіп келеді

13.08.20, 10:07

Өскемен полицейлері жол белгілерін тексерді

13.08.20, 10:06

Құрғақшылық: Ауылдағы жұрт малдарын сата бастады - ШҚО

13.08.20, 09:30

Министрлік: "Марқакөлдегі майқан балығына су құзғындары қауіп төндіріп тұр"

13.08.20, 09:05

ШҚО-да өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

13.08.20, 08:00

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12.08.20, 17:29

Ольга Булавкина Сенат депутаты болып сайланды - ШҚО

12.08.20, 16:30

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 30 адам қайтыс болған

12.08.20, 16:15

Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда

12.08.20, 16:09

Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина сатып ала ма?

12.08.20, 15:54

Аягөздегі балалар орталығы: Тексеріс нәтижелері жарияланды

12.08.20, 15:41

Күршімде биыл қолға алынған 11 жоба. Ол қай нысандар?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: