Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 4 шілдесіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Әр басына – 2500 теңге. ШҚО-да малды қолдан ұрықтандыру

0

Шопан ата төлін түлету мәселесі соңғы жылдары ақсап қалған сияқты. Мұның бір куәсі соңғы 10 жыл көлемінде өңірдегі аша тұяқты мал санының 356 мыңға азаюы. Терісі - тон, жүні - жейде болатын түліктің өнімі өзімізде кәдеге жаратылмаған соң шаруалар амалсыз оның еті саудалаумен шектеліп қалуда. Осы себепті болар облыстағы қой малын асылдандыру ісінің тек етті және етті-майлы асылдандырудан аса алмай жатқаны...

Ішкі сұраныспен шектелген

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сенсек, 2010 жылы аймақтағы қой мен ешкінің саны 2 288 988 бас болған екен. Ал биылғы жылдың бірінші қазанындағы жағдайға сүйенсек, аталған түлік саны 1 932 672 басты құраған. Иә, он жыл ішінде көрсеткіш 356 316 басқа кеміген. Себеп неде дейсіз бе? Себеп - ұсақ мал асыраудың соңғы жылдары тиімсіз бола бастауы. Осы іске ден қойған шаруалар бес қойдың жеген жем-шөбімен бір сиыр асырауға жететінін айтады. Бес қойдың еті ары кеткенде 175 мың теңге шығарса, бір сиырдың еті 250 мың теңгеден асып жығылады дейді олар.

Жалпы, қой шаруашылығы өнімділігінің соңғы 30 жыл төңірегінде төмендеп кеткені рас. Ғаламтор беттеріндегі мәліметтерге сенсек, 1990 жылы елімізде 284 мың тонна қой еті өндірілсе, соңғы бес жыл көлемінде бұл көрсеткіш 150-170 мың тоннаның төңірегінде. Аталмыш көрсеткішті 18 млн. тұрғынға шағатын болсақ, Қазақстанда өндірілетін қой еті ішкі сұраныстан артылмай тұрғанын аңдау қиын емес. Осыдан-ақ қой шаруашылығы экспортқа соны серпін бермейтінін түсіне беруге болады.

Сан мен сапа қатар артпақ

Ендігі үміт – қолдағы алтынның қадірін қазірден білу. Қой санын кеңестік кезеңдегі 37 млн. басқа жеткізбесек те, оның экспорттағы санын көбейтуге қауқарымыз жетері анық. Бұл жерде бірінші кезекте тұрған мәселе – қой басын асылдандыру. Қой санын өсірумен қатар сапасын жоғарлату мақсатында үкімет «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламаларын қабылдады. 2010 жылы ғалымдар республика бойынша қой шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық қой шаруашылығы палатасы құрылды. Оның өзі «биязы жүнді», «жартылай биязы жүнді», «қылшық жүнді» және «жартылай қылшық жүнді» деп қой өнімдеріне қатысты 4 палатаға бөлініп, барлығын бір орталыққа бағындырылды.

Қазақ бабам төрт түліктің ортасынан ойып орын берген шаруашылық осылайша асылдандыруға бет бұрды. Шығысқазақстандық қой өсірушілердің бір ерекшелігі - асылдандыруға қажетті түлікті шеттен емес ел ішінен тартуды қолға алғаны. Жергілікті шаруашылықтар өзге облыстардағы осы іспен айналысатын шаруашылықтармен әріптестік орнатқан.

– Қазіргі уақытта қой малының тұқымын асылдандыру үшін жергілікті шаруашылық жетекшілері етті-майлы бағыттағы қой малын сатып алуға, яғни өнімділігі етті бағыттағы қазақтың қылшық жүнді және құйрықты жартылай қылшық жүнді асыл тұқымды қойларын көптеп өсіруге ден қойып отыр. Қойдың мұндай түрлері облыстағы барлық асыл тұқымды қой санының 85 пайызын құрайды, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қой тұқымын асылдандыру мақсатында Аягөз, Үржар және Тарбағатай аудандарында жоғары сыныпты асыл тұқымды қойларды қолдан ұрықтандыратын үш асыл тұқымдық орталық құрылған. Аталмыш орталықтарға зоотехник мамандар, арнайы дипломы бар мал шаруашылығын меңгерген, сондай-ақ қолдарында сертификаттары бар азаматтар мен ауыл шаруашылығы малын бағалаушылар (бонитер-сыныптаушылар) тартылған. Бұдан бөлек, Өскемен қаласының Меновное ауылындағы «Шығыс асыл тұқым бірлестігі» ЖШС-да малды қолдан ұрықтандырумен айналысады.

Кенжелеп жатқан аудандар жоқ емес

Қой малын асылдандыруға ден қойған шаруашылықтар саны облыс бойынша 67 бірлікті құраса, олардағы асыл тұқымды қой саны 135 мыңға жуықтайды. Бүгінде қой малын ең көп асылдандырылатын шаруашылықтар Абай, Аягөз және Тарбағатай аудандарында шоғырланған. Яғни облыстағы асыл тұқымды қойдың 79 пайызы осы үш аудандағы 47 шаруашылықта өсіріліп жатыр.

Дегенмен, осы істе кенжелеп жатқан аудандар да жоқ емес. Атап айтсақ, қазіргі уақытта Үржар, Көкпекті, Катонқарағай және Зайсан аудандарында Шопан ата төлін асылдандыру шаруашылығы дамымаған.

– Қазіргі таңда республика көлемінде шаруашылықтарға қой малының жас төлдерін және асыл тұқымды аталық қошқарларды сатып алуда жеңілдетілген кредитпен қамтамасыз ететін «Сыбаға» жобасы жұмыс істейді, – дейді Ербол Қуанышев. – Аталған бағдарлама аясында шаруашылықтармен «Агро несие корпорациясы» мен «Қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары жұмыс істейді. Аталған ұйымдар арқылы жыл басынан бері қой шаруашылықтары 9337 бас асыл тұқымды қойдың жас төлдері мен аталық қошқарларын сатып алды. Олардың 4088-і «Қаржылай қолдау қоры» арқылы, ал 5249-ы «Агронесие корпорациясы» арқылы алынды.

Асылын анықтап береді

Жалпы, шаруашылығының ісін ілгерлетіп қой басын асылдандыруды ойлаған шаруа не істеуі керек? Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, бұл істе бірінші кезекте шаруашылық басшысы малды бағалайтын бонитер-сыныптаушының көмегіне жүгінуі тиіс көрінеді. Бонитер маман қойға сұрыптау жұмыстарын жүргізе отырып, малдың үшінші атасына дейін және қандай сыныпқа жататынын, асыл тұқымды малға жатып-жатпайтынын анықтап, сұрыпталған малға жиынтық ведомостін жасап, бекітіп береді. Аталмыш құжатпен шаруа Асыл тұқымды қойлардың республикалық палатасына жүгініп, малын тіркетеді.

– Республикалық палата өз кезегінде оның өтінішін негізге ала отырып, ақпараттық талдау жүйесі арқылы малдың стандартқа сәйкестігін анықтайды. Үш атасын тексеріп, асыл тұқымдық стандартына сәйкес болған жағдайда қойға асыл тұқым мәртебесін береді, – деп қосты жауапты тұлға.

***

Сонымен бүгінгі таңда өңіріміздегі шаруашылықтар мен жұртшылық қолында 1,6 миллионнан астам қой бар. Облысымызда аша тұяқты мал басы өткен жылға қарағанда 32 мың басқа кеміген. Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сенсек, ауылшаруашылығы кәсіпорындары мен өңір тұрғындары қолындағы қой санын кемітіп, шаруа қожалықтары керісінше көбейткен. Демек, бұл қойды жеке-дара асырағаннан гөрі отарымен ұстаған әлдеқайда тиімді екенін көрсетеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес:

- қойдың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін әрбір басына – 2500 теңге;

- қойлардың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге әрбір басына – 1500 теңге;

- асыл тұқымды қошқарлар сатып алуға – 8000 теңге;

- асыл тұқымды қойлардың жас төлін сатып алуға – 8000 теңге;

- тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды қошқарларды бағуға – 10000 теңге субсидия қарастырылған.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 15:15

«Кейбір нысандар істей береді». №16 қаулыға өзгерістер енгізілді

Бүгін, 14:15

19 шілдеге дейін жабылатын нысандар – ШҚО

Бүгін, 13:20

№16 қаулы: «Тақ және жұп күндер» режімі туралы

Бүгін, 13:05

ШҚО-да 19 шілдеге дейін қозғалыс шектелетін болды

Бүгін, 10:40

ШҚО-дан шетелге мыңнан астам адам көшіп кеткен

Бүгін, 10:15

ШҚО-да өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 09:12

Шілдеде неше күн демаламыз?

Бүгін, 08:49

4-6 шілде аралығында доллар бағамы қандай болады?

03.07.20, 17:35

Діни басқарма жаназа мен ас беруге қатысты мәлімдеме жасады

03.07.20, 16:30

5400 теңге. Ақылы жедел жәрдем бригадасы құрылады

03.07.20, 15:43

Коронавирус: ШҚО-да 10 науқас емделіп шықты

03.07.20, 13:30

5 шілдеден бастап Өскемен және Семейді жабамыз - Даниал Ахметов

03.07.20, 12:17

Төрт бірдей бала көз жұмған Аягөздегі орталық директоры қызметінен кетті

03.07.20, 11:24

Құжаттарды медициналық анықтамасыз-ақ қабылдайды

03.07.20, 11:10

ШҚО-да өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды

03.07.20, 10:36

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

03.07.20, 10:05

УЕФА Чемпиондар лигасы: 2020/21 жылғы маусымның кестесі жарияланды

03.07.20, 09:00

Жел, бұршақ: ШҚО-да 3 шілде күні ауа райы қандай болады?

02.07.20, 20:16

Елімізде татулық пен тұрақтылықтың басты кепілі – Елбасы

02.07.20, 20:13

Тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 15:15

«Кейбір нысандар істей береді». №16 қаулыға өзгерістер енгізілді

Бүгін, 14:15

19 шілдеге дейін жабылатын нысандар – ШҚО

Бүгін, 13:20

№16 қаулы: «Тақ және жұп күндер» режімі туралы

Бүгін, 13:05

ШҚО-да 19 шілдеге дейін қозғалыс шектелетін болды

Бүгін, 10:40

ШҚО-дан шетелге мыңнан астам адам көшіп кеткен

Бүгін, 10:15

ШҚО-да өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 09:12

Шілдеде неше күн демаламыз?

Бүгін, 08:49

4-6 шілде аралығында доллар бағамы қандай болады?

03.07.20, 17:35

Діни басқарма жаназа мен ас беруге қатысты мәлімдеме жасады

03.07.20, 16:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.07.20, 16:30

5400 теңге. Ақылы жедел жәрдем бригадасы құрылады

03.07.20, 15:43

Коронавирус: ШҚО-да 10 науқас емделіп шықты

03.07.20, 13:30

5 шілдеден бастап Өскемен және Семейді жабамыз - Даниал Ахметов

03.07.20, 12:17

Төрт бірдей бала көз жұмған Аягөздегі орталық директоры қызметінен кетті

03.07.20, 11:24

Құжаттарды медициналық анықтамасыз-ақ қабылдайды

03.07.20, 11:10

ШҚО-да өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды

03.07.20, 10:36

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

03.07.20, 10:05

УЕФА Чемпиондар лигасы: 2020/21 жылғы маусымның кестесі жарияланды

03.07.20, 09:00

Жел, бұршақ: ШҚО-да 3 шілде күні ауа райы қандай болады?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: