Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 25 қаңтарына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Аягөздегі орталық жылу қазандығы толығымен қайта жаңғыртудан өткізілді

0

55

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы орталық жылу қазандығы толығымен қайта жаңғыртудан өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 250 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жекеменшікте болып келген маңызды нысан мемлекет қарамағына өтіп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды. Тіпті жұмысшылардың жалақылары да көтеріліпті. Осылайша, былтыр бүрсеңдеп шыққан аягөздіктер биылғы жылу маусымында игі өзгерістерге куә болып отыр.

Аягөз қаласының орталығындағы Абай даңғылында тұратын Индира Мұхамадиеваны жерлестері «қаһарман қыз» атап кеткен. Былтыр 40-тан астам көпқабатты тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысан жылусыз қалғанда елдің мұңын облыс басшыларына алғаш жеткізген еді.

Индира Мұхамадиева, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Неше жыл бойы тоңдық. Былтыр қыс біткенше тоңып шықтық. Өйткені жөндесе де, ескі құралдар қайта-қайта жарылып, сөйтіп отырды. Былтыр 10 градус жылытқышпен отырдық осы бөлмеде. Жатын бөлме 7, туалет, ванна 4-ақ градус. Қазір міне, кіреберістің өзі 21,22, 24 градусқа дейін көтеріліп, жылыту маусымы басталғалы үйде ыстық. Терезені ашып тастап, елдің бәрі риза.

 Расында жарты ғасырдан астам уақыт әбден тозығы жеткен көне қазандықтар халыққа қызмет етіп келді. Ал енді мемлекеттен қаражат бөлініп, жылу орталығында түбегейлі өзгерістер орын алды. Күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Өткен жаз бойы мұнда күндіз-түні қарбалас жұмыстар тынған жоқ. Мемлекет қазынасынан бөлінген қаражатқа бұрын меншікте болып келген жылу орталығы сатып алынып, жаңадан 3 қазандық орнатылған. Жылу температурасы да автоматикалық қондырғылар арқылы бақыланады. Жұмысшылардың жалақылары да 60 мыңнан 85 мың теңгеге жоғарылапты. Бұл орталықтан 40 көп қабатты үй, 10 шақты әлеуметтік нысан жылу алады.

Бейбіт Мәкенов, Аягөз орталық жылу қазандығының меңгерушісі:

- Қазір күнделікті беріп отырған орташа жылудың берілуі 65 пен 55 тің арасында беріп отырмыз. Қазір жылу барлық жерге жақсы барып тұр. Халық риза деп есептеймін. Барлық қуаттылығы 13,2 гигакалория, біздің қазір қосылып отырған қажеттілік 10.6 гигакалория. 1197 қосылып отырған бөлімшелер бар. Сұраныстың артуына байланысты келесі жылы осы орталыққа тағы бір қазандық орнату жоспарланып отыр. Қаладағы жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылатын болады.

Ділдәбек Оразбаев, Аягөз ауданының әкімі:

- 50-60 миллион ақша бөлеміз деп отырмыз. Қазір соған жобалар дайындап жатырмыз. Қай жерде, зерттеу үстіндеміз, қай жерде ұзақ жатқан құбырлар, бірінші сол құбырлардан бастайтын боламыз. Жалпы алдағы 2-3 жылдың ішінде мынау құбырлардың барлығы қаланың ішінде жатқан құбырлардың бәрін біз ауыстырып жағдай жасауымыз керек.

Келесі жылы Аягөздегі тағы бір түйткілдің түйіні тарқамақ. Көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелерін жекеменшік пәтер иелерімен бірігіп, толығымен күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ. Ол үшін арнайы жобалар жасалып жатыр.

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 12:25

ШҚО-да 9 жастағы бала жоғалып кетті

Бүгін, 12:07

Қатты дауылға байланысты тасжолдар жабылды

Бүгін, 11:31

Өрт сөндірушілер зейнеткерді өлім аузынан аман алып қалды - Өскемен

Бүгін, 10:35

ШҚО-да тағы да жол жабылды

Бүгін, 09:00

Семейлік жастар тағы да қар күреуге шықты

Бүгін, 08:00

Мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

24.01.20, 17:44

Өскеменде қайырымдылық жәшігін тонаған ұры ұсталды

24.01.20, 17:31

Қар, боран және көктайғақ – 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?

24.01.20, 17:22

Бензин тағы қымбаттады

24.01.20, 16:06

Тоқаев шенеуніктердің қымбат көлік сатып алуын тоқтатпақ

24.01.20, 15:56

Ауырып жатқан балаға дәрігер трактормен келді – ШҚО

24.01.20, 15:41

ШҚО-да екі мектепте карантин жарияланды

24.01.20, 15:40

ШҚО әкіміне Абай мерейтойына қатысты шараларды мұқият қадағалау тапсырылды

24.01.20, 14:19

Бүгін өскемендіктер түскі үзіліс кезінде қар күреді

24.01.20, 13:45

Қар құрсауында қалып қойған 70 жылқы табылды - Көкпекті

24.01.20, 11:58

Риддерде биатлоннан чемпионат өтеді

24.01.20, 11:30

Өскеменде үй өртеніп кетті

24.01.20, 11:17

Шығысқазақстандық дзюдошы әлемдік Гран Приде «күміске» ие болды

24.01.20, 11:16

Күршімнің № 2 аудандық сотында ашық есік күні өтті

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 12:25

ШҚО-да 9 жастағы бала жоғалып кетті

Бүгін, 12:07

Қатты дауылға байланысты тасжолдар жабылды

Бүгін, 11:31

Өрт сөндірушілер зейнеткерді өлім аузынан аман алып қалды - Өскемен

Бүгін, 10:35

ШҚО-да тағы да жол жабылды

Бүгін, 09:00

Семейлік жастар тағы да қар күреуге шықты

Бүгін, 08:00

Мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

24.01.20, 17:44

Өскеменде қайырымдылық жәшігін тонаған ұры ұсталды

24.01.20, 17:31

Қар, боран және көктайғақ – 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?

24.01.20, 17:22

Бензин тағы қымбаттады

24.01.20, 16:06

Тоқаев шенеуніктердің қымбат көлік сатып алуын тоқтатпақ

24.01.20, 15:56

Ауырып жатқан балаға дәрігер трактормен келді – ШҚО

24.01.20, 15:41

ШҚО-да екі мектепте карантин жарияланды

24.01.20, 15:40

ШҚО әкіміне Абай мерейтойына қатысты шараларды мұқият қадағалау тапсырылды

24.01.20, 14:19

Бүгін өскемендіктер түскі үзіліс кезінде қар күреді

24.01.20, 13:45

Қар құрсауында қалып қойған 70 жылқы табылды - Көкпекті

24.01.20, 11:58

Риддерде биатлоннан чемпионат өтеді

24.01.20, 11:30

Өскеменде үй өртеніп кетті

24.01.20, 11:17

Шығысқазақстандық дзюдошы әлемдік Гран Приде «күміске» ие болды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: