Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 28 мамырына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Сиыр сауатын аппарат сатып алып бизнес бастап жатқан аналар бар - ШҚО

0

Көпбалалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады. Жоба "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жұмыспен қамту орталықтары жәрдемақы төлеумен қатар қыз-келіншектерді жұмысқа орналастыруға немесе арнайы курстарда жаңа кәсіпті игеруге көмектеседі. Олар оқу барысында бизнес жүргізу негіздерін де үйренеді.

Көкпекті ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Алиса Даутова «Бизнес бастаудың» игілігін көріп отыр. Бағдарлама аясында 505 мың теңгенің қайтарымсыз грантына ие болған ол бүгінде сүт сауу аппаратын сатып алып, шағын шаруашылығынан айырып отырған күніне 50 литр ақты «Толағай сүт» қабылдау пунктіне өткізеді. Бір ғана Алиса емес, төрт баланың анасы Гүлнар Бексолтанова да банктегі жұмысын тастап, бала кездегі хоббиін кәсіпке айналдырған.

– Банктегі айлығым мардымсыз еді. Оның үстіне, төрт баламен таңның атысы, кештің батысы жұмыс істеу қиын болды. «Еңбек» бағдарламасы арқылы көпбалалы аналарға кәсіп ашуға қолдау бар екендігін естігінде, ойланбастан жұмыспен қамту орталығына барып өтініш бердім. Тігінші мамандығы бойынша курста қабілетімді шыңдадым. Сол курстың бизнес кеңесшісі екеуіміз жоспар жасадық. Оны сәтті қорғап шығып, 500 мың теңге көлеміндегі грантқа да қол жеткіздім. Оған тігін машинасы мен үтік, тағы қажетті құрылғыларды алып, іске кірісіп кеттім. Міне, жарты жыл болды, үйде тапсырысқа киім-кешек, перде, өзге де дүниелерді тігіп жүрмін. Клиенттерді әлеуметтік желі арқылы тартармын, – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Гүлнар.

Ал Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны Мадина Бердікенова жиһаз цехын кеңейтуге мүмкіндік алды.
– Жолдасым қосымша кәсіп ретінде жиһаз құрастырумен шұғылданатын. Көбірек тапсырыс алып, цех деңгейіне жеткізу үшін біраз құрылғылар қажет еді. Оған қаржы қолбайлау болып жүрді. Ал биыл отбасымыздың арманы орындалды. Мен көпбалалы әрі жұмыссыз ана ретінде «Бизнес бастау» жобасының қайтарымсыз грантына ие болып, оның қаржысына цехқа қажетті құрылғылар сатып алдық. Қазіргі күні тұрғындардың көбінен тапсырыс түсіп жатыр. Жалпы, кәсіп ашамын деп ойланып жүрген жандарға айтарым, тәуекел етіңіздер. Мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндігін пайдаланудан тартынбаңыздар дегім келеді, – деп ағынан жарылды ол.

Шемонайха ауданы Верх-Уба ауылының тұрғыны Ирина Шубина да осындай пікірде. Жеті баланың тәрбиесімен үйде отырған ана көмек сұрап қол соза бермей, мемлекет мүмкіндік берсе, соны пайдалану керек деп шешіпті өзі үшін.

– Осы күнге дейін жолдасым отбасын бір өзі асырап келді. Ақша бірде жететін, бірде жетпей жататын. Өзім – үй шаруасындағы әйелмін. Мемлекеттік жәрдемақылар бар, алайда «Еңбек» бағдарламасы туралы естігенде, қашанғы осылай отыра беремін деп ойладым. Ешқашан іс тігіп көрмесем де, курсқа жазылып, қолымнан келетіндігіне көз жеткіздім. Тіпті өзімді тігін үшін жаралғандай сезіндім, – дейді ол.

Иринаның айтуынша, ауылда тігін цехын ашу – өзін ақтайтын бизнес, өйткені мұндай қызмет көрсетіп отырған бәсекелестері жоқ. Қазір шағын цехқа қажетті құрылғыларын сатып алып жатқан ол алдағы уақытта киім-кешекпен қатар төсек-орын тігуді де қолға алмақ.

Жоғарыда мысалға келтірілген жандар – бағдарлама аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар категориясы бойынша грантқа қол жеткізгендердің бірі ғана.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

27.05.20, 16:22

Коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

27.05.20, 16:18

Шығыста «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

27.05.20, 16:03

Ұлан ауданында жағалаулар тазартылып жатыр

27.05.20, 15:15

Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

27.05.20, 14:49

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.20, 12:24

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.20, 11:25

1 минут үнсіздік. ШҚО-ның 50 блокпостында қаза болған полицейлерді еске алып, аза тұтты

27.05.20, 10:35

Өмеш асуында бұланды қағып кетті – ШҚО

27.05.20, 10:15

Өскеменде көпқабатты үй карантинге жабылды

27.05.20, 09:58

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың бірі – Өскемен тұрғыны

27.05.20, 09:25

ШҚО-да 7 адамнан коронавирус анықталды

26.05.20, 17:43

«Одессаның» Күршімнен қайтпайтын түрі бар

26.05.20, 17:11

ШҚО-да бұршақ жауады

26.05.20, 17:01

Алимент төлемей жүргендерге жұма намазы кезінде уағыз айтыңыздар

26.05.20, 16:37

Қоқыс шығару жұмысы қалай бақыланады? – Өскемен

26.05.20, 15:05

Өскеменде жоғары білікті дәрігерлер тегін кеңес береді. Қашан?

26.05.20, 14:36

Өскеменде балалар күніне орай концерт өтетіні рас па?

26.05.20, 14:14

Оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады – министрлік

26.05.20, 12:16

Асхат Аймағамбетов мектептерге әдеби кітаптарды көптеп сатып алуды тапсырды

26.05.20, 12:01

ШҚО-да екі адам кене энцефалитін жұқтырды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

27.05.20, 16:22

Коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

27.05.20, 16:18

Шығыста «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

27.05.20, 16:03

Ұлан ауданында жағалаулар тазартылып жатыр

27.05.20, 15:15

Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

27.05.20, 14:49

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.20, 12:24

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.20, 11:25

1 минут үнсіздік. ШҚО-ның 50 блокпостында қаза болған полицейлерді еске алып, аза тұтты

27.05.20, 10:35

Өмеш асуында бұланды қағып кетті – ШҚО

27.05.20, 10:15

Өскеменде көпқабатты үй карантинге жабылды

27.05.20, 09:58

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың бірі – Өскемен тұрғыны

27.05.20, 09:25

ШҚО-да 7 адамнан коронавирус анықталды

26.05.20, 17:43

«Одессаның» Күршімнен қайтпайтын түрі бар

26.05.20, 17:11

ШҚО-да бұршақ жауады

26.05.20, 17:01

Алимент төлемей жүргендерге жұма намазы кезінде уағыз айтыңыздар

26.05.20, 16:37

Қоқыс шығару жұмысы қалай бақыланады? – Өскемен

26.05.20, 15:05

Өскеменде жоғары білікті дәрігерлер тегін кеңес береді. Қашан?

26.05.20, 14:36

Өскеменде балалар күніне орай концерт өтетіні рас па?

26.05.20, 14:14

Оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады – министрлік

26.05.20, 12:16

Асхат Аймағамбетов мектептерге әдеби кітаптарды көптеп сатып алуды тапсырды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: