Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 22 қыркүйегіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Сұхбат

Асылхан Әбдірайымұлы, фотопублицист, ұстаз: -Суреттерімнің құны жыл өткен сайын артады

0

Қай бір жылы белгілі фотожурналист – Асылхан Әбдірайымұлымен сапарлас болғанбыз. Сонда фотографияның қыр-сыры, тарихы, қоғамдағы маңызы туралы жол бойы әңгімелескен едік.

– Өміріңізді фотография саласына арнап келе жатқандардың бірісіз, бірегейісіз. Көптеген тарихи сәттерді фотоаппаратыңызға басып та алдыңыз. Соның ішінде өзіңіз үшін ең құнды, ең сәтті түсірген суреттеріңіз бар шығар…

– Фотоөнермен кәсіби түрде айналысқаныма 25 жыл болды. Содан бері елдегі тарихи сәттерді, қоғамның тыныс-тіршілігін, қарапайым адамдарынан бастап, мемлекет басшыларына дейін фотоақпарат, мақала ретінде халыққа жеткізіп отырдым. Шынын айтқанда сол түсірген суреттерімнің бәрі құнды. Жыл өткен сайын құны артады. Бірақ соның ішінде өзіңе ыстық көрінетін санаулы жұмыстар болады.

– Қандай жұмыстар?

– Бірде жылдағыдай өнер қайраткерлеріне степендия беретін болып, сол шараға бардық. Төрде Халық қаһарманы Қасым Қайсенов отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды құттықтап, сөзін аяқтаған соң Қаһарман ағамыздың жанына келіп сәлем берді. Сонда Тұңғыш Президенттің Қасым ағаның алдында басын иіп сөйлесіп тұрған сәтін фотоға түсірдім. Сурет газеттің бірінші бетіне шықты. Ертесінде ғой деймін, танымал біреу келіп; «Қасым аға газеттегі осы суретті сұрап жатыр. Ұнатып қалыпты», – деді. Қуанып кеттім. Аты аңызға айналған батыр ағамыздың үйіне барып сәлем беру өзімнің де ойымда жүрген. Суретті шығарып, алдын ала хабарласып, үйіне бардым. Жылы қарсы алды. Бір қабырғада Абылайханның, енді бірінде Сталиннің суреті ілініп тұр. Елбасымен түскен суретін қолына ұстаттым. Маңдайымнан сүйіп, алғысын айтты да жастығының астынан ақша алып бергелі жатыр екен, «алмаймын, сіз біздер үшін бәрін беріп қойғансыз. Осы суретті ұнатуыңыздың өзі мен үшін үлкен мәртебе», – деп лебізімді білдірдім. Жалпы 1990-2015 жылдардағы тарихи сәттер мен танымал тұлғаларды түсірген барлық суреттер мен үшін құнды. Олардың біразы газет-журналдарда, кітаптарда жарияланды. Ал жеке мұрағатымдағылар ұлт мүддесіне жараса деген үміт бар.

– Менің білуімше, жеке мұрағатыңызда Дінмұхамед Қонаевтың да суреті бар. Сол суретті түсірген сәтті есіңізге алыңызшы.

– Ол сәт естен кетпейді. 1992 жылы сұхбат алуға зейнеткерлік демалыстағы Димаш ақсақалдың үйіне бардық. Димекең есіктің алдынан өзі күтіп алды. Салиқалы әңгімеден кейін менің иығымнан тартып, «Інім, бір өтінішім бар, мына бөлмеде суретке түсіресің бе? – деп, мені қарсы бөлмеге алып кірді. Бір қабырғада тұтастай аяулы жары Зуһра Шәріпқызымен бірге түскен портреті тұр екен. Соның алдына келіп тұрды. Мен артқы портретті толық қамту үшін екі қадам алға басуын сұрадым. Димекеңнің жүзінен, жүріс-тұрысынан кішіпейілділікті, қарапайымдылықты байқадым. Қайтарда ақсақал «О моем времени» атты кітабына: «Асылхану А. с глубоким уважением. 29/IV-92». Д. Кунаев» деп қолын қойып, маған сыйлады. Қатар отырып суретке түстік. Есіктен шығып бара жатып, Қадыр Мырза-Әлі ағамыздың «Атақты үкімет береді, абыройды халық береді» деген сөзі ойыма оралды.

– Әрине, Дінмұхаммед Қонаев елі үшін еңбек етіп, аброймен зейнетке шықты. Сіз де қазақтың тарихы ертеңгі ұрпақтың көз алдында қалсын деген ниетте еңбек етіп келесіз. Фотоаппаратты алғаш қолға алғандағы мақсатыңыз қандай еді?

– Жетінші сыныпта оқып жүрген кезім. Менен екі-үш жас үлкен көрші баланың фотоаппараты бар, соған қатты қызығамын. Бірақ маған ұстатпайды. Тек қараңғы түскенде шығарған суреттерін көруге баратынмын. Соны анам байқап, қымбат болса да «Зенит» маркалы фотоаппарат алып берді. Түсірген суреттерімнің арасынан бір-екі суреттерім сәтті шықса, менен бақытты адам жоқ еді. Бүгінгі күнге дейін ұлтқа қызмет ету жолында келемін. 1982-83 жылдары Мәскеуде оқып жүргенде бар алған білімімді елімнің өркендеуіне, жерімнің гүлденуіне жұмсауды армандайтынмын. Атақ немесе қызмет қуу ойыма кіріп шықпады.

– Ал байқаулардан, бәйгелерден үздік шыққан суреттеріңіз бар ма?

– Алғашқы 1990 жылдары республикалық экологиялық «Атамекен» газетінен бастап, «Қазақстан әйелдері», «Парасат» журналы, «Заң газеті», «Жеті жарғы» баспасы, соңғы кезеңдері «Жас Алаш» газетінде фототілшілік қызмет атқардым. Сондықтан түсірген фотоларымның көбі ақпараттық, деректі суреттер. Айтпағым, жүлде ала қояйын деп сурет түсіргем жоқ. Осы уақыт ішінде жеке фотомұрағатымдағы суреттердің саны отыз мыңнан асты. 2006 жылы фотожурналистика саласына үлес қосқаным үшін Журналистер Одағының сыйлығы, ал 2007 жылы Қазақстан журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталдым. Қазіргі таңда «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ұстаздық қызметтемін. Құрастырушы автор ретінде «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері» фотоальбомым және тұңғыш қазақ тілінде «Фотожурналистика» оқу құралы жарық көрді.

– Жеке көрмелеріңіз өткен шығар?

– 2001 жылы Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде, 2005 жылы Астанадағы Парламентте «Парламент фототілшінің көзімен» атты жеке көрмелерім өтті.

– Мұрағатыңызда ақпараттық суреттер мүлдем жоқ па?

– Алыс-жақын шетелдерге шықтым. Сонда бір байқағаным, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, Қытайдың Іле облысында, Алтайында қазақы дәстүрдің қаймағы бұзылмаған. Сол жақтардан ұлттық құндылықтарға байланысты тарихи ескерткіштерді, балбал тастарды, ұлттық ойындарды суретке түсіріп жинақтап қойдым. Жаһандануға байланысты шығар, ұлттық құндылықтар біртіндеп жойылып барады. Келер ұрпақ оны ұмытпауы үшін фотосуреттер керек.

– Иә, уақытты тоқтататын бірден-бір құдірет иесі фотограф дейміз. Жалпы қоғамда фотографияның маңызы қандай?

– Фотографияның көрнекі ақпарат ретінде газет-журналдарда, сайттарда, музейлерде өзіндік орны бар. Оқырманға ақпаратты жылдам берудің бірден-бір тәсілі де осы фотография. Әлеуметтік желіде болсын, газетте болсын оқырманды бірінші баурап алатын – тақырып пен фото. Кейбір басылымдар ұтымды тақырып пен фотосуретке көтеріңкі қаламақы тағайындайды. Соған қарай фотосурет, тақырып газеттің таралымына, сайттың оқылымына үлесін қосуы керек. Мәселен, деректі фото адамның идеясын, ішкі жан дүниесін өзгерте алады. Ал көркем фото көңіл-күйді көтереді. Деректі фотолар арқылы әлемде ірі өзгерістер жасатқан мамандар да бар.

– Суретке түсіру бір түймешені басумен шектелмейді. Бірақ техниканың дамығандығы шығар, әуесқой фотографтар көп. Оларға қандай ақыл айтар едіңіз?

– Түймешені баса салу қиын шаруа емес. Кәсіби фотографтар біз фотографияны түсірмейміз, жасаймыз дейді. Суретті түсірмес бұрын композициясын, түсіп тұрған жарықты, экспозициясын ескеріп түсірсе, ол туынды әлбетте көрерменді қаратады, ой салады, қуантады немесе жылатады.

– Әсерлі әңгімеңізге рақмет. Адамдарға ой салар сәтті кадрларыңыз көп болсын!

Әңгімелескен – Мерей Қайнарұлы



Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

21.09.20, 16:18

Күзде қандай ережелерді қатаң сақтау керек? Иммунолог кеңесі

21.09.20, 16:08

Ойын алаңының жасыл жамылғысы жаңарды - ШҚО

21.09.20, 16:04

"Маған арналған үкімет" – ХҚО қызметкерлері келушілерді таң қалдырып жатыр

21.09.20, 14:45

Қазақстанда тіркелген құс тұмауы адамға жұға ма?

21.09.20, 14:15

Өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты - Өскемен

21.09.20, 11:15

Биыл ауызсу қолжетімділігін 91,5 пайызға жеткізу жоспарланған - ШҚО

21.09.20, 10:15

Эрмитаждағы алтынның жартысынан көбі ШҚО жерінен алынған - Әбдеш Төлеубаев, археолог, тарихшы ғалым

21.09.20, 10:00

«Тілдер шеруі» мерекесі биыл онлайн өтіп жатыр

21.09.20, 09:30

«Эмиль» мен «Восток-Молоко» бірігіп шетелдік брендтерге тойтарыс бермек

21.09.20, 09:00

Коронавирус: ШҚО-ға қазанның соңында 200 мың доза вакцина келеді

20.09.20, 18:15

Семейде қалалық перинаталдық орталықтың құрылысы тоқтап тұр

20.09.20, 17:00

ШҚО колониясындағы қызметкер «Аналар күніне» орай дәрігерлерге торт пісірді

20.09.20, 16:45

Зайсан ауданындағы ауыл-аймақ абаттанып келеді

20.09.20, 15:30

Қазақстанда бір тәулікте жеті адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

20.09.20, 14:15

Семейліктер Ертіс жағалауын тазалады

20.09.20, 13:01

Бүгін елімізде Аналар күні

20.09.20, 12:33

Планетаның ең қарт тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты

20.09.20, 11:30

Шығыс Қазақстан алғаш рет «World cleanup day» атты бүкіл әлемдік экоакцияға қатысты

20.09.20, 10:09

ШҚО-да өткен тәулікте 24 адамнан коронавирус анықталды

19.09.20, 17:45

Сарыбелге демалуға келгендер қоқысты шашып кетеді

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.06.20, 20:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

20.05.20, 12:04

АҚШ-тағы қазақ баласы. Ағайынды Теодор мен Рүстем бір-бірін тапты

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

13.06.20, 14:53

ШҚО-да карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

21.09.20, 16:18

Күзде қандай ережелерді қатаң сақтау керек? Иммунолог кеңесі

21.09.20, 16:08

Ойын алаңының жасыл жамылғысы жаңарды - ШҚО

21.09.20, 16:04

"Маған арналған үкімет" – ХҚО қызметкерлері келушілерді таң қалдырып жатыр

21.09.20, 14:45

Қазақстанда тіркелген құс тұмауы адамға жұға ма?

21.09.20, 14:15

Өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты - Өскемен

21.09.20, 11:15

Биыл ауызсу қолжетімділігін 91,5 пайызға жеткізу жоспарланған - ШҚО

21.09.20, 10:15

Эрмитаждағы алтынның жартысынан көбі ШҚО жерінен алынған - Әбдеш Төлеубаев, археолог, тарихшы ғалым

21.09.20, 10:00

«Тілдер шеруі» мерекесі биыл онлайн өтіп жатыр

21.09.20, 09:30

«Эмиль» мен «Восток-Молоко» бірігіп шетелдік брендтерге тойтарыс бермек

21.09.20, 09:00

Коронавирус: ШҚО-ға қазанның соңында 200 мың доза вакцина келеді

20.09.20, 18:15

Семейде қалалық перинаталдық орталықтың құрылысы тоқтап тұр

20.09.20, 17:00

ШҚО колониясындағы қызметкер «Аналар күніне» орай дәрігерлерге торт пісірді

20.09.20, 16:45

Зайсан ауданындағы ауыл-аймақ абаттанып келеді

20.09.20, 15:30

Қазақстанда бір тәулікте жеті адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

20.09.20, 14:15

Семейліктер Ертіс жағалауын тазалады

20.09.20, 13:01

Бүгін елімізде Аналар күні

20.09.20, 12:33

Планетаның ең қарт тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты

20.09.20, 11:30

Шығыс Қазақстан алғаш рет «World cleanup day» атты бүкіл әлемдік экоакцияға қатысты

20.09.20, 10:09

ШҚО-да өткен тәулікте 24 адамнан коронавирус анықталды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: