Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 11 тамызына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Министр: Зайсанда карантиндік стационар ашу біздің бұйрығымыз болған

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шығыс Қазақстанның Сарытерек, Айнабұлақ ауылдарында коронавируске қарсы карантиндік стационар ашылады деген ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Өкінішке қарай, ел арасында түсінбеушіліктер орын алған. Біздің карантин жүргізу бойынша белгілі бір тәжірибеміз бар. Бүгінге дейін 524 адам карантиннен өтті. Ухань қаласынан бүгін түнде бір студент келді. Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия Қытай мен Қазақстан шекарасында көшу бойынша арнайы шешім қабылдаған. Ол тек жолаушы тасымалы бойынша ғана. Мысалы ұшақ арқылы немесе автобус арқылы. Бірақ түрлі коммерциялық байланыс пен жүк тасымалы әлі тоқтатылған жоқ. Себебі күнделікті жүріп жатқан тауарлар бар. Оның арасында транзиттік тауарлар, елімізге қажетті тауарлар бар. Солардың жүргізушілері ШҚО бойынша Бақты және Майқапшағай бекеттері арқылы, Алматы облысы бойынша теміржол бекеттері арқылы өтуде. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз. Санитарлық дәрігер міндетті түрде сол жерде тұрады. Тепловизорлар бізде бар. Қосымша тепловизор алуға тырысып жатырмыз», – деген министр Майқапшағай кеден бекеті арқылы Қазақстанның 6 азаматын елге өткізу қажеттігі туғанын, сол үшін министрлік шекараға жақын маңнан карантиндік стационар құру туралы тапсырма бергенін айтты.

«Қазір біздің ақпарат бойынша Қытайда саудамен айналысатын қазақстандық азаматтар, көлік жүргізушілері бар. Олар елге қайтқысы келеді. Біз мүмкіндік беруіміз керек. Әрине, қауіпсіздік мәселелері бойынша тәуекелдер бар. Келгеннен кейін, оларды бақылауға алуымыз керек. Ел басында дұрыс түсінбеген. Қытай азаматтары келіп жатыр деген дұрыс емес. Өткен тәулік бойынша Майқапшағай бекеті арқылы Шығыс Қазақстан аумағына ешкім өткен жоқ. Күнделікті көп болса 10-15 адам өтетін. Олардың бәрі біздің азаматтар. Алматы облысы бойынша 25 адам күн сайын өтеді. Олар пойызбен келетін адамдар, жүргізушілер, машинистер. Әрине, біздің негізгі мақсатымыз –азаматтарымыз елге келсе, басқа тұрғындармен кездесіп, инфекция таратуына жол бермеу. Сол үшін жақын жерден арнайы карантиндік стационар ашу туралы біздің бұйырығымыз болған. Азаматтар түсінбеген. Ауылдың амбулаториясы деп ұққан. Біздің шешім бойынша арнайы стационар Зайсан ауданының орталық ауруханасының инфекциялық ауруларға арналған корпусынан ашылады. Қажеттілік болса, келген адамдарды сол жерге жатқызатын болады», – деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министр елге қайтқысы келетін аталмыш азаматтарды Алматы мен Нұр-Сұлтанға әкетсін деген жұрттың талабына қатысты пікір білдірді.

«Ол мәселе әлі қаралып жатыр. Қазір облыс әкімі халықпен кездесіп жатыр. Кездесу біткеннен кейін, біз тағы сөйлесеміз. Біздегі ақпарат бойынша қазақ елінің 6 азаматы елге кірмекші. Менің ойымша, соларды елге кіргізбей, елден қуамыз деген сөз көтерілмеуі керек. Әрине, ол азаматтар сол ауданның тұрғындары. Олардың туыстары бар, ата-аналары бар. Оларды басқа қалаға апарудың қандай қажеттілігі бар? Олар сау адамдар. Біздің ақпаратымыз бойынша ауру адамдар жоқ», – деді ол.

Дереккөз: inbusiness.kz

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

10.08.20, 20:11

Археологияның айналасындағы әңгіме. Тұрғындар мүлдем бейхабар

10.08.20, 19:35

Археологиялық жұмыстардың кесірінен бе? Тарбағатайдың әкімі не дейді?

10.08.20, 18:00

COVID-19: "Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды" - министрлік

10.08.20, 17:15

KAZ Minerals ШҚО ауруханаларына көмек көрсетуде

10.08.20, 16:37

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.20, 16:00

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.20, 15:33

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

10.08.20, 15:00

Семейлік бес жасар бүлдіршін Абайдың өлеңдерін жатқа айтады

10.08.20, 14:34

Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды

10.08.20, 13:37

Семейдегі жаңа көпір жабылды

10.08.20, 13:12

Семейде кондукторлар «көтеріліске» шықты

10.08.20, 12:17

Елімізде 31 Абай Құнанбайұлы бар екен. ШҚО-да нешеу?

10.08.20, 12:15

Covid-19: Өскеменде – 21, Семейде – 19...

10.08.20, 11:35

Жарма ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді

10.08.20, 10:20

Абай ауданында жазушылардың мұражайлары ашылады

10.08.20, 10:00

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды "Абай күні" датасымен құттықтады

10.08.20, 09:55

Өскемен әкімдігінің қызметкерлері Абайдың өлеңін оқыды

10.08.20, 09:15

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор

10.08.20, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте 58 адамнан коронавирус анықталды

10.08.20, 08:45

Қазақстанда бүгін - Абай күні

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

10.08.20, 20:11

Археологияның айналасындағы әңгіме. Тұрғындар мүлдем бейхабар

10.08.20, 19:35

Археологиялық жұмыстардың кесірінен бе? Тарбағатайдың әкімі не дейді?

10.08.20, 18:00

COVID-19: "Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды" - министрлік

10.08.20, 17:15

KAZ Minerals ШҚО ауруханаларына көмек көрсетуде

10.08.20, 16:37

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.20, 16:00

Abai175: ШҚО әкімі Семейде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

10.08.20, 15:33

"Абай жолы" эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

10.08.20, 15:00

Семейлік бес жасар бүлдіршін Абайдың өлеңдерін жатқа айтады

10.08.20, 14:34

Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды

10.08.20, 13:37

Семейдегі жаңа көпір жабылды

10.08.20, 13:12

Семейде кондукторлар «көтеріліске» шықты

10.08.20, 12:17

Елімізде 31 Абай Құнанбайұлы бар екен. ШҚО-да нешеу?

10.08.20, 12:15

Covid-19: Өскеменде – 21, Семейде – 19...

10.08.20, 11:35

Жарма ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді

10.08.20, 10:20

Абай ауданында жазушылардың мұражайлары ашылады

10.08.20, 10:00

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды "Абай күні" датасымен құттықтады

10.08.20, 09:55

Өскемен әкімдігінің қызметкерлері Абайдың өлеңін оқыды

10.08.20, 09:15

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор

10.08.20, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте 58 адамнан коронавирус анықталды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: