Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 13 тамызына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

"Жөндеу мүмкін емес". Тағы да Күршімнің паромы туралы

0

Жаз бойы жырға айналған, Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғап жатқан «Қызыл ту» өткеліндегі паром мәселесі бұл жолы облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Nur Otan партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес бюросында тағы да қаралды.

Шекаралық шепте жатқан Күршім мен Зайсан өңірлерінің халқы үшін үлкен қолайсыздық тудырып отырған паром мәселесіне тікелей жауапты облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділовтің бюро мәжілісінде түсіндіруінше, 2018 жылдан бастап сенімді басқару келісімінің негізінде «Қызыл ту» өткеліндегі жолаушылар мен көліктерді тасымалдауды «Құйған айлағы» ЖШС жауапкершілігіне алған. Аталған өткелдегі атқарылуы тиіс шаруаны мәселе ушыққанға дейін дизелді электроходтар «Ертіс» пен «Күршім» атқарып келген.

Ақпарат ретінде айта кетсек, бұл паром өткелі Көкпекті мен Күршім аудандарын байланыстырып қана қоймай, соңғысының облыс орталығына дейінгі қашықтығын 205 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Навигациялық кезеңде өткелдің жұмысы сәуір айынан бастап желтоқсанға дейін (9 ай) созылады. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау күн сайын таңғы 6-дан кешкі 9-ға дейін жүзеге асырылады.

Өкінішке орай, ағымдағы жылдың 3 тамызында «Ертіс» паромы істен шығып, жөндеуге жіберілді. Содан бастап-ақ, өткелдегі қызметке көңілі толмаған жұртшылықтың наразылығы күшейді. Күшейгені соншалық, бұл іске облыс әкімінің өзі араласуына тура келген-ді. Сенімді басқарушының берген ақпараты бойынша, паромның ескіш білігін қозғалысқа келтіретін дизель-электрлі электрқозғалтқыш істен шыққан.

– Биылғы 5 тамызда электрқозғалтқыш жөндеуге «ВК ПромЭнергоРемонт» ЖШС-не жіберілді. Техникалық зерттеу актісіне сәйкес электрқозғалтқышты жөндеу мүмкін емес, себебі құрағыш тетіктердің бірі әлдеқашан өндірістен алынып қалған.

Электрқозғалтқыштың өзі 1961 жылы шығарылған. Қазіргі уақытта электроқозғалтқышқа немесе оның баламасына республика және ТМД елдері бойынша іздеу жұмыстары жүргізілуде. Сәйкесінше сұраныс жиырмадан астам кәсіпорынға жолданды. Олардың басым бөлігінен «жоқ» деген жауап алып отырмыз, – деген басқама басшысы сынып қалған «Ертістің» қашан Ертіске ораларын да нақ басып айта алмады.

Дегенмен, Нұржан Жұмәділовтің берген ақпаратын алға тартар болсақ, өткелде кептеліс тудырып, жолаушыларды тостырып қоймас үшін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қазір баржа тіркейтін «Светлов» теплоходы «Ертістің» орнына жолаушыларға қызмет көрсетуде. Аталмыш баржа арқылы шамамен отызға тарта көлікті тасымалдауға болады. Сонымен қатар өткелдің жұмыс уақыты ұзартылып, таңғы алтыдан түнгі сағат онға дейінгі жұмыс режиміне көшкен. Тағы бір айта кетерлік жайт, облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы арқылы ағымдағы 2 қыркүйекте «Құйған айлағы» ЖШС-не арадағы келісімшартты бұзу туралы хабарлама жіберілген. Егер аталған мекеме 30 қазанға дейін өз еркімен паромдарды қайтармайтын болса, «Құйған айлағының» ісі бойынша сотқа талап арыз түсірілмек.

– Мен паромның басында болып, жағдаймен көзбе көз таныстым. Жағдай мәз емес. Естеріңізде болса, былтыр дәл осы бюро отырысында паромға қатысты екі жақты келісімнің барлық тетіктерін мұқият қарастыруды Сізге және мемлекеттік сатып алу басқармасына тапсырған болатынмын. Сол бойынша бүкіл қолданыс мерзімінде жөндеу жұмыстары қалай жүргізілетіндігін, сенімді басқаруға алған кәсіпорынның жауапкершілігін реттеу керек болған. Өкінішке орай, ешкім бұған мән бермеді, тиісті бақылау жасалмады. Ақыры нәтижесінде қозғалтқыш істен шығып, паром тоқтады. Шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болып, ашынған жұрт облысқа шықты. Ең негізгісі, кәсіпорынды жауапқа тартуға негіз боларлық пунктер келісімшартта қарастырылмаған. Бұл – басты жіберілген кемшіліктеріңіз. Енді кәсіпкерге сынған, ескірген мүлікті бізге қайта өткізе салу ғана қалып тұр. Ал келер жылы не істемексіңдер? Дегенмен, мәселені қайта қарайық, арнайы комиссия құрайық. Келісімшартты егжей-тегжейлі қайта қарап шығайық, комиссия құрамында заңгерлер міндетті түрде болсын. Соның нәтижесінде кемшілікке жол бергендерді аяусыз жауапкершілікке тартамыз, тіпті олардың қазір қайда қызметте отырғандары да маңызды емес. Себебі, екі басқарманың кесірінен мыңдаған халық зардап шегіп отыр. Бюроның келесі мәжілісінде ары қарай не істеу керектігін тағы да талқылаймыз, – деді осыған қатысты тапсырма берген Даниал Ахметов.

Қосымша ақпарат ретінде қосарымыз, апта сайын өткелдің басында оның жұмысына мониторинг жасалып отырады әрі көліктердің кіру кезегінің дұрыс жүргізілуін қос ауданның жергілікті полиция қызметі де бақылауға алған. Мониторинг тек демалыс күндерінде ғана көлік ағыны көп болатындығын көрсеткен отыр.

Қазіргі уақытта Күршімге қарай өтетін өткелдің қызметі тұрақты бақылауға алынған.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 17:23

Орталық комиссия Сенат сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

Бүгін, 16:11

Бірдей нөмірмен жүрген үш көлік. Ол қалай?

Бүгін, 15:39

"Ақша бөлінген" Ахмер жақтағы жолдың аяқталар түрі жоқ

Бүгін, 13:00

Катонқарағай ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтті

Бүгін, 12:15

ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдей түсті

Бүгін, 11:39

Экологтар жағалауларды тазалады – ШҚО

Бүгін, 10:42

Covid-19: Өскемен – 20, Семей – 20, Тарбағатай – 11...

Бүгін, 10:19

Күршімде бордақы алаңдары және сүт цехтары көбейіп келеді

Бүгін, 10:07

Өскемен полицейлері жол белгілерін тексерді

Бүгін, 10:06

Құрғақшылық: Ауылдағы жұрт малдарын сата бастады - ШҚО

Бүгін, 09:30

Министрлік: "Марқакөлдегі майқан балығына су құзғындары қауіп төндіріп тұр"

Бүгін, 09:05

ШҚО-да өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:00

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12.08.20, 17:29

Ольга Булавкина Сенат депутаты болып сайланды - ШҚО

12.08.20, 16:30

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 30 адам қайтыс болған

12.08.20, 16:15

Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда

12.08.20, 16:09

Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина сатып ала ма?

12.08.20, 15:54

Аягөздегі балалар орталығы: Тексеріс нәтижелері жарияланды

12.08.20, 15:41

Күршімде биыл қолға алынған 11 жоба. Ол қай нысандар?

12.08.20, 15:15

ШҚО әкімі: "17 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етіледі"

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 17:23

Орталық комиссия Сенат сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

Бүгін, 16:11

Бірдей нөмірмен жүрген үш көлік. Ол қалай?

Бүгін, 15:39

"Ақша бөлінген" Ахмер жақтағы жолдың аяқталар түрі жоқ

Бүгін, 13:00

Катонқарағай ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтті

Бүгін, 12:15

ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдей түсті

Бүгін, 11:39

Экологтар жағалауларды тазалады – ШҚО

Бүгін, 10:42

Covid-19: Өскемен – 20, Семей – 20, Тарбағатай – 11...

Бүгін, 10:19

Күршімде бордақы алаңдары және сүт цехтары көбейіп келеді

Бүгін, 10:07

Өскемен полицейлері жол белгілерін тексерді

Бүгін, 10:06

Құрғақшылық: Ауылдағы жұрт малдарын сата бастады - ШҚО

Бүгін, 09:30

Министрлік: "Марқакөлдегі майқан балығына су құзғындары қауіп төндіріп тұр"

Бүгін, 09:05

ШҚО-да өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:00

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12.08.20, 17:29

Ольга Булавкина Сенат депутаты болып сайланды - ШҚО

12.08.20, 16:30

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 30 адам қайтыс болған

12.08.20, 16:15

Алтайда 40 жыл жөндеу көрмеген нысандар жаңартылуда

12.08.20, 16:09

Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина сатып ала ма?

12.08.20, 15:54

Аягөздегі балалар орталығы: Тексеріс нәтижелері жарияланды

12.08.20, 15:41

Күршімде биыл қолға алынған 11 жоба. Ол қай нысандар?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: