Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 28 мамырына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Жұмыртқаның қорабынан студия жасаған Өскемендегі жас кәсіпкер

0

Бүгінгі кейіпкер "Елімай" дыбыс жазу студиясының иесі, кәсіби музыкалық мектептің, Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің дирижерлік-хор бөлімінің түлегі, бала кезінен ән айтып, қоғамдық шараларға белсене қатысып, өнерін сүйікті кәсібімен ұштастырған жас кәсіпкер - Елімай Жанболатұлы.

Өнерге жаны құмар Елімай сүйікті ісін өз кәсібіне айналдырған. Жас кәсіпкер жаңа іс бастаудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

- Елімай, студияңыз да, өзіңіздің есіміңіз де ерекше екен...

- Атамның әкелері 1927 жылы елде қысым көріп, ашаршылық басталғанда Қытайға қашады, кейін Моңғолияға қоныс аударған екен. Осылайша еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы өз атам отбасымен Отанына көшіп келеді. "Туған жерім, елім" деп келгенде, Күршім ауданы, Теректі ауылында дүниеге мен келемін. Сол кезде «елім» деп келдім, елдің баласы бол, ұлы бол, еліне пайдасы тиер азамат болсын" деп атымды Елімай қойыпты. Есімімді мақтанышпен айта аламын. Туғандарымның жаңа өміріне себепкер болған есім.

- Дыбыс жазу студиясын ашу идеясы қайдан келді?

- Бұл кәсіпке келемін деп ойлаған жоқпын. Студент кезімізде түрлі ұйымдарда белсенділік танытып, өзімізді дамытуда жетістікке жеткен адамдармен әңгімелесіп, әртүрлі тақырыптарды талдап, ой алмасып жүретінбіз. Студенттің әрбір күні күнделікті сабақтан бөлек өзін дамытумен, тәжірибе жинаумен өткені дұрыс. Біз де сондай белсенді жылдарды артқа тастадық. Кейін колледж бітірген соң Ресейге барып, екі жыл эстарда-джаз вокалында оқыдым. Бірақ өмірімде бір жағдайлар орын алып, оқуымды аяқтай алмадым. Жұмыстың ешқайсысынан арланбау керек, бұған дейін мен жүк тиеуші, гүл егуші болып істедім, тойларда өлең айтып, вокалдан сабақ бердім. Кейін театрда, әртүрлі мектептерде, балабақшаларда жұмыс істедім. Осылай жүргенде бір күні досым тойға шақырып, жанды дауыста ән айтып бердім. Сол тойда Нұржан Касенов, Бейбіт Тукушев деген өнерде жүрген азаматтармен таныстым. Сол кісілер менің қабілетімді байқап, студиядан жұмыс ұсынды. Бәрі сол ұсынысты қабылдаудан басталды, ол кісілермен екі жыл бірге жұмыс істедік. Соңғы екі жылда өзім жеке шықтым. Жалпы осы дыбыс жазу саласында жүргеніме төрт жыл болды.

- Студияның дизайнына тоқтала кетсек, байқауымша барлық жерде жұмыртқаның қорабы жапсырылған. Неге?

- Бұрын жұмыртқа қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істегенмін, сол жұмыртқалардың қораптарын жинайтынмын. Кейін студия ашу идеясы келген кезде, дыбыс акустикасын жасау керек болды, ал материал қымбат. Сосын ең қарапайым әрі бюджетті нұсқасы осы -
жұмыртқаның қораптары болады-ау деген идея келді. Осылайша бұрынғы жұмыс орныммен сөйлесіп, бір көлік жұмыртқаның қорабын алдырттым. Кейін стол, компьютер сияқты басқа да керек-жарақтарға тапсырыс бердім.

Студия іші

- Жеке шыққаныңызға 2 жыл болды деп қалдыңыз, жалпы кәсіп тиімді ме екен, табыс әкеле ме?

- Тиімді, бұйырғаны болады (күлді). 1 сағатта 50 мың тапқан кездер болды. Кейде бір айда мүлдем тапсырыс болмай қалады. Тұрақты емес. Бірақ шүкір, жаман емес. Орнымен жұмсаймын. Негізі көп тәжірибе жинау керек. Тәуекелге түсініп бару керек. Күніне нақты санмен қанша тапсырыс түсетінін айту қиын. Өйткені тапсырыс той-томалақ, мереке күндеріне байланысты. Жазда тойдың маусымы жүріп тұрған кезде көп тапсырыс түседі. Негізі жыл өткен сайын клиенттер де көбейе түседі. Бірінен-бірі естиді дегендей. Бәрі - еңбектің арқасы.

- Тұтынушылардың күрт азаюы немесе белгілі бір көлемде шығынға ұшырау - әр кәсіпкердің басынан өтетін жағдайлар. Мұндай кезең сізде де болған шығар. Ісіңіздің кері кеткенін сезген кездер болды ма?

- Иә, тапқаным тек өзіме әрең жетіп, "үмітім үзілді-ау, қоямын ғой деймін" деген сәттер болды. Үйдегілер де бұл ісімді тастап, тұрақты жұмысқа шыққанымды қалады. Екі жыл уақытымды осы салаға арнаған соң, артқа шегіне алмадым. Қазір сол жағдайды тек күліп еске аламын. Тіпті, мүлде клиент болмаған айлар болды. Әрине, кез келген адам мұндай сәтте "Не істейміз? Шешімін қалай табамыз? Енді бәрі не болмақ?" деп ойы сан-саққа кететіні анық. Бұл жағдай мен үшін өте ауыр кезең болды. Депрессияға ұшырамай, негатив ойларды ойламауға тырысып, тек жақсылыққа үміттеніп, қайта аяққа тұрып кеттім.

- Клиенттерді қалай таптыңыз?

- Басында адамдарды тегін дыбыс, ән жазуға шақырдым. Ол кезде әлеуметтік желіні қалай жүргізуді білмейтінмін. Араласып жүрген жандарға айтып, мектептен оқушыларды тартып, осылайша тапсырыстар келе бастады. Сенімді баға қою үшін қолды жүргізу керек. Күні-түні еңбектену керек. Өз кәсібіңді өркендетуге байланысты әр түрлі бейнежазбалар қарап, адамдармен танысып, өз-өзімді үнемі дамытып отырамын. Алматыға барып Марат Айсауыт деген дыбыс режиссерінен бір ай білім алып келдім. Ол кісі қазір Ғаділбек Жаңайдың жеке дыбыс режиссері. Біраз білім алдым, бірақ адам білім алған кезде не істеп отырғанын түсініп істеу керек, өзіңнің стиліңді қалыптастыруды ойлаған жөн, қайталап алысқа бармайтынымды түсіндім.

- Кәсіпте қиындық тудыратын қандай факторлар бар?

- Студия бөлмесін жалға алу жағынан қиындық жоқ, ағаларым көмектесіп отыр. Өздері ұсыныс тастап, осында отырып жұмыс істей беруіме қолқа салды. Бәлендей қиындық жоқ, тек уақтылы жұмыс істеп, уақтылы демалған дұрыс. Кез келген жұмыста тоқтап, ойыңды бір сергітіп алмасаң, жұмысың алға бас-
пайды. Мәселен, адамның құлағы дыбысқа 2 сағат қана жұмыс істейді. 2 сағаттан кейін адамның құлағы дыбысты қабылдай алмайды. Одан музыка артық тыңдап, жұмыс істесең, қателерге бой алдырып, жұмыс сапасыз шығуы мүмкін.

- Бұл кәсіппен айналысып жүріп, нені үйрендіңіз?

- Ең алдымен шыдамдылық танытуды үйрендім, әлі үйреніп келемін. Күнделікті 24 сағат бойы кәсіппен өмір сүру, ойыңды жаңа, тың идеяларға толтырып отыру тағы бар. Жалпы кәсіптің кез келген түрі адамды тәрбиелейді, білмегенін үйренуіне мүмкіндік береді, жеке қасиеттерін дамыта түседі. Сосын клиенттермен жұмыс істеуді, олармен қарым-қатынас орнатуды үйрендім. Айдын Алдархан, Нұржан Кәсенов, Бейбіт Тукушев сынды ағаларымнан талай нәрсе үйрендім дей аламын, жақсы қасиеттерін бойыма сіңіруге тырыстым.

- Кәсіпті дамытуға байланысты семинар, тренингтерге жиі барасыз ба?

- Жоқ барып көрмедім. Негізі мұндай семинар-тренингтер жақсы сияқты, адамға шабыт, бағыт-бағдар береді. Ондай ұсыныс болып жатса, бас тартпас едім, жаңа идеяны іске асыруға бір мүмкіндік деп қабылдаймын. Бірақ көптеген жандар ізденіп, көп нәрсе көріп, алайда оны іске асыра алмайды. 100 нәрсе оқысаң немесе көрсең, жоқ дегенде соның біреуін істеп көру керек. "Білім іздесең, өзіңнен мықтыға қара" дегенді ұстанамын. Мысалы, ақшасы көп адамнан емес, тәжірибесі көп адамнан үйрену керек. Жан-жақты болып, жаңалықтар қарап, заман көшінен қалмауға тырысамын. Негізі бос уақытымда кітап, мақал-мәтел оқимын. Спортпен айналысамын, психологияны көп зерттеймін.

- Кәсіп бастағысы келетін жандарға не айтар едің?

- Кәсіп бастаушыларға, ең алдымен, шыдамдылық керек. Өйткені көбі қысқа уақыттың ішінде пайда көргісі келеді де, ойлағанындай болмай, бастаған ісін тастап кетеді. Жалқаулықты қойып, таңертең ерте тұрып, спортпен шұғылдану керек. "Өзім" деп қана емес, қоршаған ортаға көмектесуді, туған-туыстарға, ата-анаға, сенің көмегіңді қажет ететін жандарға қол ұшын созған дұрыс. Сол кезде ғана жұмысың алға жүреді. Адамдарға жақсылық жасасаң, ол саған жақсылық жасап, кейін бірінен-бірі естіп тапсырыс түсуі мүмкін. Ризық- несібенің барлығы Алладан келеді ғой. Кейбір адамдар "өзім ақша тауып жатырмын" деп ойлайтыны рас, негізі оның бәрін Алла Тағала беріп жатыр. Сосын мінез керек. Жігерлі, намысты да, жұмсақ әрі кішіпейіл болу керек. Осы қасиеттермен ортаға оңай сіңісіп кетуге болады.

Кәсіпте тағы бір құпия бар. Ол - ақшаны мақсат қылып алмау. Ақырет пен бұл фәни жайында көп ойланамын. Ақыретке бір амал, бұл дүниеге бір амал жазып жүргенге не жетсін! Екі жағына да көңіл бөліп тұру керек. Дүние қуып кетсең, тепе-теңдік болмай, құлдырауың мүмкін. Бастаған ісіңді сүйіп қарап, ол жердің отымен кіріп, күлімен шығу керек. Тазалық жұмыстарын уақтылы жүргізіп, барлық ниетіңді салу керек. Жұмысқа дұрыстап қарасаң, жұмыс жүреді. Ниет теріс болса, жұмыс та солай болады.

- Алдағы уақытқа қандай жоспарлар бар?

- Жоспар көп. Өзімді әр түрлі жақтан дамытқым келеді. Бірқатар мақсаттарым бар. Көңіл-күйге байланысты ән жазатыным бар. Дәл қазір бір әншіге ән жазып жатырмын. Алдағы уақытта сол композиторлық қырымды дамытып, көрінсем деген жоспарлар бар. "Білетінім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз" дегендей өмірде көп нәрсе үйренгім келеді.

- Уақыт бөліп, бізбен сұхбаттасқаныңызға рақмет!

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 17:41

«Кез келген адам ақша таба алады». Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақ

Бүгін, 16:52

ШҚО-да бір науқас коронавирустан емделіп шықты

Бүгін, 16:23

ШҚО-да жабайы үйрек қырылып жатыр

Бүгін, 14:57

Үш "фуражка" қоқыс маңында не істеп тұр? - Өскемен

Бүгін, 13:50

Демалушыларға ПТР-тест өткендері туралы анықтама қажет емес

Бүгін, 12:18

Семейде масалармен күрес басталады

Бүгін, 12:05

Глубокое ауданында 46 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр

Бүгін, 10:19

Өскемендіктер су трамвайларына сыймай жатыр

Бүгін, 10:12

Балаларды лагерьге апара жатқан жүргізуші жол үстінде микроинсульт алды

Бүгін, 10:11

Коронавирус: Өскеменде 3 үй қоршауға алынды

Бүгін, 09:39

COVID-19: Өскеменде балабақша жұмысын тоқтатты

Бүгін, 09:28

ШҚО-да тағы бір адам коронавирус жұқтырды

27.05.20, 16:22

Коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

27.05.20, 16:18

Шығыста «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

27.05.20, 16:03

Ұлан ауданында жағалаулар тазартылып жатыр

27.05.20, 15:15

Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

27.05.20, 14:49

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.20, 12:24

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.20, 11:25

1 минут үнсіздік. ШҚО-ның 50 блокпостында қаза болған полицейлерді еске алып, аза тұтты

27.05.20, 10:35

Өмеш асуында бұланды қағып кетті – ШҚО

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 17:41

«Кез келген адам ақша таба алады». Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақ

Бүгін, 16:52

ШҚО-да бір науқас коронавирустан емделіп шықты

Бүгін, 16:23

ШҚО-да жабайы үйрек қырылып жатыр

Бүгін, 14:57

Үш "фуражка" қоқыс маңында не істеп тұр? - Өскемен

Бүгін, 13:50

Демалушыларға ПТР-тест өткендері туралы анықтама қажет емес

Бүгін, 12:18

Семейде масалармен күрес басталады

Бүгін, 12:05

Глубокое ауданында 46 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр

Бүгін, 10:19

Өскемендіктер су трамвайларына сыймай жатыр

Бүгін, 10:12

Балаларды лагерьге апара жатқан жүргізуші жол үстінде микроинсульт алды

Бүгін, 10:11

Коронавирус: Өскеменде 3 үй қоршауға алынды

Бүгін, 09:39

COVID-19: Өскеменде балабақша жұмысын тоқтатты

Бүгін, 09:28

ШҚО-да тағы бір адам коронавирус жұқтырды

27.05.20, 16:22

Коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

27.05.20, 16:18

Шығыста «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

27.05.20, 16:03

Ұлан ауданында жағалаулар тазартылып жатыр

27.05.20, 15:15

Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

27.05.20, 14:49

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.20, 12:24

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.20, 11:25

1 минут үнсіздік. ШҚО-ның 50 блокпостында қаза болған полицейлерді еске алып, аза тұтты

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: