Өскемендегі сот ғимаратына да «бомба қойылды»

Полиция қызметкерлеріне сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.
Ғимараттан қауіпсіздік мақсатында адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 6 ақпанда сағат 15:50 шамасында Қ. Қайсенов, 55 көшесіндегі ғимаратта жарылғыш зат қойылағын туралы ақпарат келді. Қауіпсіздік мақсатында адамдар эвакуацияланып, тексеру жүргізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған мекенжайда азаматтық істер қаралатын Өскемен қалалық соты орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 14.18 шамасында №11 мектеп-лицейінде «бомба» қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сонымен қатар оқыңыз
Өскемен: Мектепке "бомба қойылды" деген ақпарат тарадыМектепке жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат берген күдікті іздестірілуде - ШҚОӨскемендегі орталық алаңның не үшін қоршауға алынғаны белгілі болдыӨскеменде 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарағанӨскеменде "жарылғыш зат" туралы ақпарат берген адам сот үкім шығарды