KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскеменде Екібастұздағы жағдай қайталанбайды – кәсіпорын басшылары

2.12.2022, 10:28 682 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы пәтерлер аптаның аяғында жылынады. Қазір жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бұл туралы «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір қазандық іске қосылғанымен, желілік судың температурасы әлі де параметрлерге сәйкес келмей тұрған көрінеді. Екі күні ішінде су желісінің температурасы 100 градустан жоғары деңгейге жетуі керек.

- Қазір қалада температура 98-100 градус болатын магистральдар бар. Екі күн ішінде біз оларды 105 градусқа дейін теңестіруіміз керек. Сонда пәтерлерде жылына бастайды,-деп атап өтті Өскемен ЖЭО директоры Айдын Бексолтан.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ретте қала тұрғындарына қараша айындағы жылу үшін төлем қайта есептелетінін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары Өскеменде Екібастұз ЖЭО-дағы қиын жағдай қайталанбайтынын айтып сендірді.

- Біздің жабдықтар толықтай жөнделді және қысқа дайын. Штаттық режимде 8 қазандық пен 8 турбоагрегат жұмыс істеп тұр, - деп түсіндірді кәсіпорын директоры.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив